Өңірлер

Атырауда қару тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды – видео

© AFP 2024 / CHRISTOPHE SIMONАрнайыоперация
Арнайыоперация - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Олар түрлі атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Атырауда 9 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар түрлі атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан.
Олар 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары. Тексеру кезінде 26 жастағы күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 25 жастағы күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді.
Сондай-ақ, Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орналасқан қоймадан үш атыс қаруы мен екі шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді.
Жаңалықтар
0