Қоғам

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында басшылық ауысты

© Photo : Палата предпринимателей Астаны"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
"Атамекен" палатасының кезектен тыс съезінде басқарма төрағасы болған Мырзахметов өкілеттігін тоқтататынын хабарлаған еді
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының міндетін атқарушы және оның бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Нариман Әбілшайықов палатаның басқарма төрағасының міндетін атқаруға кірісті. Ал Мақсат Қиқымов басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
38 жастағы Нариман Әбілшайықов 2020 жылдың қарашасынан палатаның басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды, оған дейін Алматы және Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқарған.
Ал 35 жастағы Мақсат Қиқымов 2020 жылдың қыркүйегінен биылғы жылдың ақпанына дейін Алматы әкімінің орынбасары болды. Жалпы қаржы және мұнай салаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам еңбек еткен.
Айта кетері, бүгін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде 8 жыл бойы басқарма төрағасы болған Абылай Мырзахметов өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.
Ал белгілі бизнесмен Райымбек Баталов "Атамекен" палатасы төралқасының жаңа төрағасы болып сайланды. Бұл қызметті бұған дейін Тимур Құлыбаев атқарған еді.
Бронетранспортер возле мэрии во время акций протеста, вызванных повышением цен на топливо в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Қоғам
"Атамекен" президенттің қатаң шешімін қолдады
Жаңалықтар
0