https://sputnik.kz/20220218/aleumettik-kasipkerler-salyq-22914024.html
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер бірқатар салықтан босатылады
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер бірқатар салықтан босатылады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң жобасы күшіне енді 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T16:57+0500
2022-02-18T16:57+0500
2022-02-18T16:57+0500
экономика
салық
жеке кәсіпкерлер
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_0:150:1921:1230_1920x0_80_0_0_2eb8e6423ba21f96095e296630602f53.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі саясат және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Эрик Жамбылов "әлеуметтік кәсіпкер" статусына ие болған бизнесмендерге қандай жеңілдіктер жасалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысты заң биыл қаңтарда күшіне енді. Жамбыловтың айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіп иесінің кірісін молайтуды көздемейді, оның мақсаты қызмет көрсету және тауар өндіру арқылы қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешу. "Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау үшін бірқатар ынталандырушы шара бар. Мәселен, ерекше қажеттілігі бар қызметкерлер саны 51%-ке жететін ұйымдар корпоративтік табыс салығынан, әлеуметтік және жер салықтарынан босатылады. Сондай-ақ мүлікке салық салу кезінде жеңілдіктер жасалады", - деді Жамбылов орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында. Әлеуметтік кәсіпкер атанудың шарттарының бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа тарту. Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар адамдар, егде жастағы және зейнет жасына жақындаған адамдар, түрмеден босап шыққандар, жетім балалар және тағы басқалары. Қаңтар айынан бері, оның сөзінше, республикада тек екі әлеуметтік кәсіпкер тіркелген. Екеуі де – Қарағанды облысында. Бірақ әр тоқсан сайын реестр жаңарады. Өңірлік комиссиялар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінішін қарап, ұлттық экономика министрлігіне өткізеді. Кейін ведомство оларды реестрге тіркейді. Жамбылов әлеуметтік кәсіпкерлікке қосымша ақша бөлінбейтінін атап өтті. Қаржы бизнесті қолдаудың қолданыстағы тетіктері аясында қарастырылып қойған. Айта кетері, бүгінде Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея елдерінде жақсы дамыған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_40:0:1879:1379_1920x0_80_0_0_8f54322bf11e8b63294430f7f30abccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, жеке кәсіпкерлер
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер бірқатар салықтан босатылады
Қазақстанда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң жобасы күшіне енді
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі саясат және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Эрик Жамбылов "әлеуметтік кәсіпкер" статусына ие болған бизнесмендерге қандай жеңілдіктер жасалатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысты заң биыл қаңтарда күшіне енді.
Жамбыловтың айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіп иесінің кірісін молайтуды көздемейді, оның мақсаты қызмет көрсету және тауар өндіру арқылы қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешу.
"Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау үшін бірқатар ынталандырушы шара бар. Мәселен, ерекше қажеттілігі бар қызметкерлер саны 51%-ке жететін ұйымдар корпоративтік табыс салығынан, әлеуметтік және жер салықтарынан босатылады. Сондай-ақ мүлікке салық салу кезінде жеңілдіктер жасалады", - деді Жамбылов орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
Әлеуметтік кәсіпкер атанудың шарттарының бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа тарту.
Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар адамдар, егде жастағы және зейнет жасына жақындаған адамдар, түрмеден босап шыққандар, жетім балалар және тағы басқалары.
Қаңтар айынан бері, оның сөзінше, республикада тек екі әлеуметтік кәсіпкер тіркелген. Екеуі де – Қарағанды облысында.
Бірақ әр тоқсан сайын реестр жаңарады. Өңірлік комиссиялар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінішін қарап, ұлттық экономика министрлігіне өткізеді. Кейін ведомство оларды реестрге тіркейді.
Жамбылов әлеуметтік кәсіпкерлікке қосымша ақша бөлінбейтінін атап өтті. Қаржы бизнесті қолдаудың қолданыстағы тетіктері аясында қарастырылып қойған. Айта кетері, бүгінде Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея елдерінде жақсы дамыған.