Өңірлер

Жаңаөзенде жұмысқа орналасатындардың табысы тексеріліп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Жақын уақытта тізімдегі басқа жұмыссыз азаматтардың әлеуметтік жағдайы зерделенеді
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Жаңаөзенде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия жанынан құрылған халықтық бақылау тобы жұмысқа орналасуға үміткер 78 азаматтың материалдық жағдайын тексеріп жатыр.

"14 ақпанда жұмыссыз азаматтар арасынан халықтық бақылау тобы құрылды. Бұл топ жұмысқа орналастыруды қажет ететін әлеуметтік осал топтардан шыққан үміткерлерді анықтайды. Бүгінде халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 193 тұрғынның тізімі жасалды", - деп жазылған Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарламасында.

Жақын уақытта тізімдегі басқа жұмыссыз азаматтардың әлеуметтік жағдайы зерделенеді. Жалпы алдағы уақытта жұмыспен қамту орталығында "Өзенмұнайгаз" АҚ сервистік қызмет көрсету мекемелерінде кезекте тұрған 150 адамды жұмысқа қабылдау көзделіп отыр.
Сонымен қатар Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту бөлімінің "Жұмыс істеймін" бағдарламасы аясында шағын және орта бизнестің күш салуымен биыл наурыздан бастап тағы 50 жұмыс орны құрылады.
Осы мақсатта облыстық комиссия мүшелері "Korkem alem", "Өзен қойма", "Asemade" ЖШС-да болып қайтты. Комиссия Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес осы жылдың 8 ақпанында құрылды.
Жаңалықтар
0