Құлсарыда үш баланың анасы күйзелістен арылу үшін мысықтарды асып өлтірген

© Photo : СС0 / 깜부기Мысық
Мысық - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Әйелге рақымшылық жасалып, жазадан құтылып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстандағы Құлсары қаласының тұрғыны күйзелістен ерекше жолмен арылған: ол мысықтарды пәтерінің балконында асып өлтірген.
Балконда асылып тұрған мысықты көршілер көріп, полиция шақырған. Пәтердің қожайыны, 38 жастағы үш баланың анасы өз әрекетін түсіндіре алмаған, артынан көңілін жайландыру үшін осылай жасағанын мойындаған. Мұндай "психотерапияны" айына бір рет өткізіп келіпті.
Оның үстінен Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабы "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша іс қозғалды. Бұл бап айыппұл төлеуден бастап 30 тәулікке қамауға алуға дейінгі жазаны қарастырады.
Алайда 16 ақпанда әйелдің жазадан құтылып кеткені белгілі болды, деп жазды "Мой город" порталы.
"Жылыой ауданының тұрғынына қатысты рақымшылық туралы заңның қолданылуына байланысты мысыққа қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды", - делінген Атырау облысы полиция департаментінің редакцияға берген жауабында.
Еске сала кетейік, таяуда Ресейде мысықты ұзақ уақыт азаптап, оны видеоға түсіріп, желіде жариялаған ер адам мен әйел бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0