https://sputnik.kz/20220217/toqaev-tergeu-azaptau-22888065.html
Тоқаев азаптау әрекеттері туралы: кінәлі адамдар жазаға тартылады
Тоқаев азаптау әрекеттері туралы: кінәлі адамдар жазаға тартылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысты тергеу барысындағы азаматтарды азаптау фактілерінен хабардар екенін... 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T20:04+0500
2022-02-17T20:04+0500
2022-05-23T14:49+0500
қасым-жомарт тоқаев
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/779/91/7799144_0:105:2656:1599_1920x0_80_0_0_b65affc817347e3c8daf27203e7440d9.jpg
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысты тергеу барысындағы азаматтарды азаптау фактілерінен хабардар екенін жеткізді, хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл туралы президент Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында айтты."Азаптау фактілері туралы айтсақ, әлеуметтік желілердегі видеоларды, жазбаларды сай-сүйегің сырқырап қарайсың. Әсіресе арқасына үтік басылған талдықорғандық Азамат Батырбаев деген жігітке қатысты. Осыдан хабардарсыз ба?" деп сұрақ қойды Qazaqstan ұлттық телеарнасының тілшісі."Иә, бұл мәселе жөнінде жақсы білемін. Кейбір азаматтарымыз менің атыма бейне үндеу жазып, әлеуметтік желілерде таратып жатыр. Мұны да біліп отырмын. Осыған байланысты мен ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға арнайы тапсырма бердім. "Шаш ал десе, бас алатын" әрекеттерге жол беруге болмайды. Қоғамдық комиссиялар өз жұмысына кірісіп кетті. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, белгілі құқық қорғаушылар: Айман Омарова, Жеміс Тұрмағамбетова, Абзал Құспан және басқа да заңгерлер жиналып, арнайы комиссиялар құрды. Олар әр істің заңдылығын қарап жатыр. Қоғамдық комиссияларға сенімсіздік көрсетуге ешқандай себеп те, хақымыз да жоқ. Билік те, құқық қорғау органдары да жұмыстарына араласпайды. Мен де араласпаймын", - деді Тоқаев.Айтуынша, әрбір құқық бұзушылық дерегі бойынша шаралар қабылданады. Кінәлі адамдар жазаға тартылады."Мен үшін азаматтарымыздың құқығы аса маңызды. Әсіресе, қазіргі таңда мұны ең маңызды мәселе деп айтуға болады. Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару мен үшін негізгі принцип болып табылады", - деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20220217/khalyq-toqaev-tergeu-22887932.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/779/91/7799144_179:0:2527:1761_1920x0_80_0_0_1195539ae29375aa7dfd3d4b693419ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев азаптау әрекеттері туралы: кінәлі адамдар жазаға тартылады
20:04 17.02.2022 (жаңартылды: 14:49 23.05.2022) АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысты тергеу барысындағы азаматтарды азаптау фактілерінен хабардар екенін жеткізді, хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл туралы президент Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында айтты.
"Азаптау фактілері туралы айтсақ, әлеуметтік желілердегі видеоларды, жазбаларды сай-сүйегің сырқырап қарайсың. Әсіресе арқасына үтік басылған талдықорғандық Азамат Батырбаев деген жігітке қатысты. Осыдан хабардарсыз ба?" деп сұрақ қойды Qazaqstan ұлттық телеарнасының тілшісі.
"Иә, бұл мәселе жөнінде жақсы білемін. Кейбір азаматтарымыз менің атыма бейне үндеу жазып, әлеуметтік желілерде таратып жатыр. Мұны да біліп отырмын. Осыған байланысты мен ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға арнайы тапсырма бердім. "Шаш ал десе, бас алатын" әрекеттерге жол беруге болмайды. Қоғамдық комиссиялар өз жұмысына кірісіп кетті. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, белгілі құқық қорғаушылар: Айман Омарова, Жеміс Тұрмағамбетова, Абзал Құспан және басқа да заңгерлер жиналып, арнайы комиссиялар құрды. Олар әр істің заңдылығын қарап жатыр. Қоғамдық комиссияларға сенімсіздік көрсетуге ешқандай себеп те, хақымыз да жоқ. Билік те, құқық қорғау органдары да жұмыстарына араласпайды. Мен де араласпаймын", - деді Тоқаев.
Айтуынша, әрбір құқық бұзушылық дерегі бойынша шаралар қабылданады. Кінәлі адамдар жазаға тартылады.
"Мен үшін азаматтарымыздың құқығы аса маңызды. Әсіресе, қазіргі таңда мұны ең маңызды мәселе деп айтуға болады. Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару мен үшін негізгі принцип болып табылады", - деді мемлекет басшысы.