https://sputnik.kz/20220217/sukhbat-orys-tili-22886253.html
"Менсінбеушілік емес":президент қаңтарда сұхбатты неге орыс тілінде бергенін түсіндірді
"Менсінбеушілік емес":президент қаңтарда сұхбатты неге орыс тілінде бергенін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Тоқаевтың айтуынша, содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатты кеңінен таратып, барынша пайдаланды 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T19:45+0500
2022-02-17T19:45+0500
2022-05-23T15:00+0500
қасым-жомарт тоқаев
сұхбат
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/11/22885210_233:0:3874:2048_1920x0_80_0_0_b5e24f7405091590d2bddc2897a25e63.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтарда "Хабар 24" арнасына берген сұхбаты неліктен орыс тілінде болғанын түсіндірді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ешқандай да кемсітушілік емес. Мемлекет басшысының айтуынша, содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатты кеңінен таратып, барынша пайдаланды. "Оны өзіңіз білесіз. Қалай десек те, орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінің бірі. Оны мойындауымыз керек. Ал, қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар. Жалпы, мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын", - деді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/11/22885210_1143:0:3874:2048_1920x0_80_0_0_6946201bcdfa50a144644b3ca6ac64cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, сұхбат
қасым-жомарт тоқаев, сұхбат
"Менсінбеушілік емес":президент қаңтарда сұхбатты неге орыс тілінде бергенін түсіндірді
19:45 17.02.2022 (жаңартылды: 15:00 23.05.2022) Тоқаевтың айтуынша, содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатты кеңінен таратып, барынша пайдаланды
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтарда "Хабар 24" арнасына берген сұхбаты неліктен орыс тілінде болғанын түсіндірді.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ешқандай да кемсітушілік емес.
"Бұл ешқандай да кемсітушілік немесе менсінбеушілік емес. Осыған дейін көптеген телеарна менен бірнеше рет сұхбат беруді сұраған болатын. Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын. Кейін тек "Хабар" арнасына ғана сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты, соларға тоқтау салу керек болды. Сол сұхбат орыс тілінде жасалды. Өйткені, Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпаратты, ең алдымен, әлем жұртшылығына беру керек еді", - деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатты кеңінен таратып, барынша пайдаланды.
"Оны өзіңіз білесіз. Қалай десек те, орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінің бірі. Оны мойындауымыз керек. Ал, қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар. Жалпы, мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын", - деді Тоқаев.