Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Сарбаз көз жұмды: қаңтарда КамАЗ-бен әскерилерді қаққан қызылордалық ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевҚызылорда облыстық музейі
Қызылорда облыстық музейі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Бүлікшілер көлікпен қағып өткен 19 жастағы Ұлттық ұлан сарбазы көз жұмған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Қызылорда тұрғыны қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметі бойынша, ол әскери "КамАЗ" көлігін тартып алып, күш құрылымдары әскерінің қоршауына басып кірген.
Күдіктінің осы әрекетінен Ұлттық ұланның 19 жастағы сарбазы көз жұмды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді.
"Қызылордада 5 қаңтарда әскерилерден тартып алған арнайы "КамАЗ" автокөлігін қоғамдық тәртіп күзетін қамтамасыз етіп тұрған әскерилерге қарай бағыттап, оларды соққа тұрғыны ұсталды. Күдіктінің бұл әрекетінен Ұлттық ұланның 19 жастағы сарбазы оқиға орнында көз жұмды", - деді Әділов брифингте.
Ол қайтыс болған азамат отбасындағы жалғыз бала болғанын айтты.

"Ол бағдарламалау және философиямен әуестенген. Қарағанды техникалық университетінде оқыған. Оның өмірге деген жоспары үлкен еді, ІТ-маман болуды армандады", - деді Әділов.

Сонымен қатар 5 қаңтарда тағы бір бүлікші басқа "КамАЗ" автокөлігін тартып алып, жедел басқару орталығының жұмысына кедергі келтіру мақсатымен электр қуаты бағанасына әдейі соғылып, бейнебақылау камерасын істен шығарды.
Одан кейін ер адам жергілікті полиция қызметінің ғимаратын басып алу мақсатында оның қақпасына барып соғылған. Екі жағдайда да күдіктілер сот шешімімен қамауға алынды. Олардың кінәсі бейнежазбамен дәлелденді.
Жаңалықтар
0