Спорт

Әлем чемпионы Дубайдағы қазақ павильонынан Головкинге үндеу жолдады - видео

© AP Photo / Richard DrewГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Америкалық боксшы қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар киім киіп, қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде Дубайдағы Қазақстан павильонынан Геннадий Головкинге бейнеүндеу жолдады.
"Бүгін біз Қазақстан павильонына келдік. GGG, біз сені іздеп жүрміз! Қайдасың? Big Drama Show жасайық!", - деді Андраде.
Одан кейін америкалық боксшы қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар киім киіп алып, қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады.

"Бұл жерде қазақстандықтар мені таныды. GGG, сен мені бақытты қылуға міндеттісің! Жанкүйерлер қалайтын жекпе-жекті жасайық! Қазақстан – тамаша мемлекет!", - деді Андраде.

Айта кетері, 33 жастағы Деметриус Андраде кәсіпқой бокста бірінші орта салмақта өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін 31 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыласын жеңген. 19 рет нокаутпен ұтқан.
Ал орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жекте жапониялық Риота Муратамен жұдырықтасады деген жоспар болған. Алайда карантиндік шараларға байланысты кейінге қалдырылды. Бокс кеші биыл наурыз немесе сәуір айларында өтуі мүмкін.
Криштиану Роналду в матче полуфинала Кубка Италии - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2020
Спорт
Әйгілі футболшы Роналду Головкинге жекпе-жек алдында қолдау көрсетті - видео
Жаңалықтар
0