https://sputnik.kz/20220217/qasym-zhomart-toqaev-22875194.html
Тоқаев әділет министрін қабылдады
Тоқаев әділет министрін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Биыл елімізде 26 заң жобасы әзірленеді 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T14:32+0500
2022-02-17T14:32+0500
2022-02-17T14:37+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
тәуелсіз заңгер
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_345101924c9537d3d7d8ff210f5c33ae.jpg
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әділет министрі Қанат Мусинді қабылдады, деп хабарлады Ақорда. Президентке министрліктің былтырғы атқарған жұмысының нәтижесі мен 2022 жылы мән берілетін басым бағыттар жөнінде баяндалды. Биыл 26 заң жобасы әзірленіп, парламент қарауына енгізіледі деп жоспарланған.Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекет мүддесінің қазақстандық және халықаралық соттарда қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді.Сонымен қатар Қанат Мусин сот актілерінің орындалуына қатысты жағдай мен халыққа заңгер көмегінің көрсетілуі жөнінде есеп берді. Әділет министрінің айтуынша, 122 мыңнан астам азамат кепілдендірілген заң көмегін алған. Осы мақсатта 1,8 миллиард теңге бөлінген. Әлеуметтік жағдайы төмен 11 мыңнан астам адам заңгер көмегін тегін алды. Президент әділет министрлігінің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған заңгерлік қызмет көрсету ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_3a3a7741c08657a43ca67156af6803c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тәуелсіз заңгер
қасым-жомарт тоқаев, тәуелсіз заңгер
Тоқаев әділет министрін қабылдады
14:32 17.02.2022 (жаңартылды: 14:37 17.02.2022) Биыл елімізде 26 заң жобасы әзірленеді
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әділет министрі Қанат Мусинді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке министрліктің былтырғы атқарған жұмысының нәтижесі мен 2022 жылы мән берілетін басым бағыттар жөнінде баяндалды. Биыл 26 заң жобасы әзірленіп, парламент қарауына енгізіледі деп жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекет мүддесінің қазақстандық және халықаралық соттарда қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді.
"Қазір министрлік 25 іс бойынша мемлекет мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтқанда, олардың 14-і халықаралық арбитраждардың, бесеуі шетелдік соттардың қарауында жатыр. Алты іс сотқа дейінгі өндірісте", - деп мәлімдеді Мусин.
Сонымен қатар Қанат Мусин сот актілерінің орындалуына қатысты жағдай мен халыққа заңгер көмегінің көрсетілуі жөнінде есеп берді.
Әділет министрінің айтуынша, 122 мыңнан астам азамат кепілдендірілген заң көмегін алған. Осы мақсатта 1,8 миллиард теңге бөлінген. Әлеуметтік жағдайы төмен 11 мыңнан астам адам заңгер көмегін тегін алды.
Президент әділет министрлігінің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған заңгерлік қызмет көрсету ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.