https://sputnik.kz/20220217/prezident-reseylik-sayasatkerlerdin-malimdemesi-22887601.html
Президент кейбір ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесі туралы: ақылға сыймайтын пікір
Президент кейбір ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесі туралы: ақылға сыймайтын пікір
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Ресей ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан құдайы көршіміздің бірі екенін айтты 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T20:00+0500
2022-02-17T20:00+0500
2022-02-17T20:35+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/02/11/22885244_84:0:3723:2047_1920x0_80_0_0_e62b2cccecb9be8c6cd533de53870d91.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қаңтар оқиғаларына қатысты сұхбаты барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы қандай болуы керек деген сауалға жауап берді."Жалпы, Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы қандай болуы керек? "Мәскеу біздің жерімізге көз алартып жүр, солтүстік облыстарды тартып алады" деген пікірлер де айтылады... " деп сұрады журналист."Бірінші сұрағыңызға қатысты айтар болсам, Қазақстан мен Ресей арасында мәңгі тату көршілік туралы келісім бар. Ресей – ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан құдайы көршіміздің бірі. Қазақтың тағдырына осылай жазылған. Мұны біз өзгерте алмаймыз. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді", - деп жауап берді президент.Ол кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан "Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі" деген сөздер айтылатынын атап өтті.Президент шекара толықтай айқындалып, бекітілгенін атап өтті. Сондықтан алаңдайтын еш нәрсе жоқ екенін айтты."Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды. Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген. Ресей президенті осындай қағидаттарға адалдығын, беріктігін көрсетті", - деді президент. Президент сұхбаты"QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетілді.Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.Еске сала кетсек, мемлекет басшысы қаңтарда "Хабар24" арнасына сұхбат берген болатын. Қалың көпшілік Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатты орыс тілінде бергенін сынға алды.Бұл жолы президент қазақ тілінде сұхбат берді.
https://sputnik.kz/20220217/toqaev-qantar-oqigalary-resey-22887142.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/11/22885244_994:0:3723:2047_1920x0_80_0_0_b7012657cf43cd641b8e7a0acc3063c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент кейбір ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесі туралы: ақылға сыймайтын пікір
20:00 17.02.2022 (жаңартылды: 20:35 17.02.2022) Мемлекет басшысы Ресей ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан құдайы көршіміздің бірі екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қаңтар оқиғаларына қатысты сұхбаты барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы қандай болуы керек деген сауалға жауап берді.
"Жалпы, Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы қандай болуы керек? "Мәскеу біздің жерімізге көз алартып жүр, солтүстік облыстарды тартып алады" деген пікірлер де айтылады... " деп сұрады журналист.
"Бірінші сұрағыңызға қатысты айтар болсам, Қазақстан мен Ресей арасында мәңгі тату көршілік туралы келісім бар. Ресей – ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан құдайы көршіміздің бірі. Қазақтың тағдырына осылай жазылған. Мұны біз өзгерте алмаймыз. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді", - деп жауап берді президент.
Ол кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан "Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі" деген сөздер айтылатынын атап өтті.
"Бірден кесіп айтайын. Бұл – ақылға сыймайтын, орынсыз пікір. Ресми билік, яғни Кремль, әрине, бұл уәжді қолдамайды. Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Маған В.Путиннің өзі "жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз" деп айтқан", - деді Тоқаев.
Президент шекара толықтай айқындалып, бекітілгенін атап өтті. Сондықтан алаңдайтын еш нәрсе жоқ екенін айтты.
"Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды. Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген. Ресей президенті осындай қағидаттарға адалдығын, беріктігін көрсетті", - деді президент.
"QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетілді.
Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы қаңтарда "Хабар24" арнасына сұхбат берген болатын. Қалың көпшілік Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатты орыс тілінде бергенін сынға алды.
Бұл жолы президент қазақ тілінде сұхбат берді.