https://sputnik.kz/20220217/politsey-boranda-kolik-zhol-22868202.html
Полицей боранда жүздеген көліктің алдында жаяу жүріп жол көрсетті - видео
Полицей боранда жүздеген көліктің алдында жаяу жүріп жол көрсетті - видео
Sputnik Қазақстан
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қолсозым жердегі жол көрінбеген 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T12:04+0500
2022-02-17T12:04+0500
2022-02-17T12:04+0500
өңірлер
полицей
боран
https://sputnik.kz/img/424/62/4246214_0:94:1032:675_1920x0_80_0_0_5d46cde6bb4c983d2ecc5dd3cbdd5fdc.jpg
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстандық полицейлер боран кезінде жүргізушілер мен жолаушылардың адасып кетпеуіне көмектесті. Көмек көрсетілген көлік саны жүзге жуықтайды.Жүргізушілер Павлодар облысы полициясының қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Ресейдің Омбы қаласының тұрғыны Данияр Сағындықов 15 ақпанда Төртқұдық ауылының маңында Павлодар – Нұр-Сұлтан автожолында қатты бұрқасын болып, жүздеген автокөлік қозғалыссыз қалғанын жеткізді. Жолда қалған көліктердің арасында жүк көліктері де, жеңіл көліктер де болды, деп хабарлады Polisia.kz. "Боран салдарынан жол көрінбеді. Қолсозым жерде не болып жатқанын көру мүмкін емес еді. Бір уақытта бәрі қозғалмай, бір орында тұрды. Себебі әрі қарай қозғалу мүмкін болмады", - дейді Сағындықов.Вячеслав есімді жүргізушінің айтуынша, осы уақытта жолда патрульдік полиция қызметкерлері Қуандық Рахметов пен Біржан Нәжімов болған. Олар жүргізушілерді күрекпен қар тазалап, батып қалған бес көлікті шығаруға көмектесті. Полиция көліктердің алдына шығып, жаяу жүрген полицей Қуандық Рахметов екенін айтты. Ол әріптесімен бірге көліктер легін ертіп, жүргізушілерге Шідерті ауылына дейін жол көрсетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/424/62/4246214_0:0:1032:774_1920x0_80_0_0_acb932611af48ae9acc4224a509f3641.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицей, боран
Полицей боранда жүздеген көліктің алдында жаяу жүріп жол көрсетті - видео
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қолсозым жердегі жол көрінбеген
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстандық полицейлер боран кезінде жүргізушілер мен жолаушылардың адасып кетпеуіне көмектесті. Көмек көрсетілген көлік саны жүзге жуықтайды.
Жүргізушілер Павлодар облысы полициясының қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Ресейдің Омбы қаласының тұрғыны Данияр Сағындықов 15 ақпанда Төртқұдық ауылының маңында Павлодар – Нұр-Сұлтан автожолында қатты бұрқасын болып, жүздеген автокөлік қозғалыссыз қалғанын жеткізді. Жолда қалған көліктердің арасында жүк көліктері де, жеңіл көліктер де болды, деп хабарлады
Polisia.kz.
"Боран салдарынан жол көрінбеді. Қолсозым жерде не болып жатқанын көру мүмкін емес еді. Бір уақытта бәрі қозғалмай, бір орында тұрды. Себебі әрі қарай қозғалу мүмкін болмады", - дейді Сағындықов.
Вячеслав есімді жүргізушінің айтуынша, осы уақытта жолда патрульдік полиция қызметкерлері Қуандық Рахметов пен Біржан Нәжімов болған. Олар жүргізушілерді күрекпен қар тазалап, батып қалған бес көлікті шығаруға көмектесті.
"Бір полицей барлық көліктің алдына шықты, екінші полицей жарық қосты. Дәл осылай жол ашылғанша жүріп отырдық. Олар қар құрсауында қалған автокөліктерге көмектесіп, жол көрсетті", - дейді Вячеслав.
Полиция көліктердің алдына шығып, жаяу жүрген полицей Қуандық Рахметов екенін айтты. Ол әріптесімен бірге көліктер легін ертіп, жүргізушілерге Шідерті ауылына дейін жол көрсетті.