Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

"19 жастағы сарбазды басып өлтірген": министрлік жаңа видеоларды жариялады

© Sputnik / Rasul NazyrovСожженные грузовые автомобили на улице в Алма-Ате
Сожженные грузовые автомобили на улице в Алма-Ате - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Қаңтар оқиғалары кезінде 3 мыңнан астам құқық қорғаушы мен әскери қызметші сан алуан жарақат алды
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген тағы бірнеше видеоны жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 қаңтар күні Атырауда бір топ адам облыс әкімдігі ғимаратын қорғауға тартылған полиция қызметкерлерін соққыға жыққан. Біреуін тепкілеп, екіншісін каскамен басынан ұрған. Олардың әрекеті видеоға түсіп қалды. Бүгінде қаланың екі тұрғыны ұсталды.
Қалада бүлікшілер жедел жәрдем автокөлігін тоқтатып, жарақат алған полиция қызметкерлерін тағы ұрып-соққан. Осы фактілер бойынша қаланың төрт тұрғыны қамауға алынды.
Ал Қызылорда қаласында бүлікшілер әскерилердің "КамАЗ" маркалы арнайы көлігін тартып алған. Одан кейін қала тұрғыны құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоршауын бұзып өтпекші болған. Сол кезде ұлттық ұланның 19 жастағы әскери қызметшісін басып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Ата-анасы жалғыз ұлынан айрылды. Жас жігіт Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқыған. ІТ-маман болуды армандапты.
Сол күні осы қаланың тағы бір тұрғыны әскерилердің "Камазын" басып алып, жедел басқару орталығының жұмысына кедергі жасау мақсатында электр бағанын қасақана соққан. Сөйтіп, бейнебақылау камераларын істен шығарады. Одан кейін жергілікті полиция ғимаратының қақпасын бұзған. Екі күдікті де сот санкциясымен қамауға алынды.
Алматы қаласында бүлікшілерге металл кесінділерін таратқан алты адам ұсталды.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 2 565 қылмыстық іс бойынша 271 адам қамауда отыр. Ішкі істер органдары тарапынан билікті асыра қолдану бойынша 59 шағым қаралып, қылмыстық істер қозғалды. Ал 18 арызда көрсетілген әрекеттер расталған жоқ.
Тергеу изоляторынан тағы 103 адам босатылды. Мәселен, соңғы үш күннің ішінде 36 адамның жазасы жеңілдетілді.
Айта кетері, бұған дейін 200-ден астам күдікті изолятордан шығарылған болатын. Олардың жазасы қаладан шықпау немесе кепіл төлеу сияқты шараларға ауыстырылды.
Қаңтар оқиғалары кезінде 3 мыңнан астам құқық қорғаушы мен әскери қызметші сан алуан жарақат алды. Бүгінде медициналық мекемелерде 273 тәртіп сақшысы мен әскери қызметші ем алып жатыр.
"Олардың барлығы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ауыр жарақат алған. Бір бөлігі әлі күнге дейін жансақтау бөлімінен шыққан жоқ. Өкінішке қарай, олар ары қарай жұмыс істей алмайды, мүгедек болып қалған", - дейді тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Жаңалықтар
0