Елорда тынысы

Көлгінов екі көпірдің құрылысы қашан аяқталатынын айтты

© Photo : Сайт управления архитектуры, градостроительства и земельных отношений города Нур-СултанНовый мост появится на проспекте Тауелсиздик в Нур-Султане
Новый мост появится на проспекте Тауелсиздик в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Елордада оң және сол жағалауды жалғайтын екі көпір құрылысы жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында екі көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында олардың құрылыс барысымен таныстырып, қашан пайдалануға берілетіні туралы айты.
© Photo : акимат Нур-СултанаЕлордадағы көпір құрылысы
Елордадағы көпір құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Елордадағы көпір құрылысы
Көлгіновтың айтуынша, қазір елордада екі көпірдің құрылысы жүріп жатыр.
"Қаланы аралау барысында Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көпір құрылысымен таныстым. Көпірге қатысты сот процестері болғандықтан ол сақалды құрылысқа айналып кете жаздады. Бірақ проблемалары шешіліп, күзде көпір құрылысы қайта басталды", - деп жазды ол.
© Photo : акимат Нур-СултанаЕлордадағы көпір құрылысы
Елордадағы көпір құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Елордадағы көпір құрылысы
Әкімнің айтуынша, бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Нәжімеденов көшесі, Қошқарбаев даңғылы, Байтұрсынов көшесі, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Момышұлы даңғылының сол жағалаумен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Көпір Мәңгілік ел даңғылына түсетін жүктемені 20% азайтады деген болжам бар. Аталған көпірдің құрылысы келесі жылы аяқталады.
© Photo : акимат Нур-СултанаКөпір құрылысының жобасы
Көпір құрылысының жобасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Көпір құрылысының жобасы
"Ұлы дала даңғылында да көпір құрылысы жүріп жатыр. Оң және сол жағалауды жалғайтын көпір Мәңгілік Ел даңғылы, Нәжімеденов, Байтұрсынов, Қошқарбаев көшелеріне, Nova city ауданына, "Мыңжылдық" аллеясына түсетін жүктемені азайтады. Теміржол вокзалының, Тельман, Промышленный елді мекендерінің, Метро гипермаркеті ауданының, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесінің қолжетімділігі артады. Көпір құрылысын биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Көлгінов.
Жаңалықтар
0