Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Бейжің Олимпиадасы: Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгерістер бар

© AFP 2024 / JEWEL SAMADОлимпиада
Олимпиада - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыс ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да өтеді.
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгерістер орын алды. Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста Иван Аржаниковтің орнына Дмитрий Морозов шығады, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден командада өзгеріс бар. Иван Аржаников денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайды. Оның орнына Дмитрий Морозов шығады деп шештік. Әрине, бұл Морозов үшін айтарлықтай ыңғайлы жарыс емес. Бірақ ол соңғы кездері 1500 метрде өзін жақсы көрсетіп жүр. Сондай-ақ, бұл бәсеке масс-старт алдында жақсы дайындық болмақ", - деді бас бапкер Дмитрий Бабенко.
Айта кетелік, ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыс ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да өтеді.
Жаңалықтар
0