https://sputnik.kz/20220217/audan-akimderi-saylau-22889369.html
Қазақстанда 2024 жылдан бастап аудан әкімдері сайланады
Қазақстанда 2024 жылдан бастап аудан әкімдері сайланады
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Алматы әкімі Ерболат Досаевқа халықтың бірден наразылық білдіргеніне қатысты да ойын айтты 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T20:19+0500
2022-02-17T20:19+0500
2023-08-10T12:17+0500
қоғам
сайлау
қасым-жомарт тоқаев
ерболат досаев
әкім
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_0:42:3495:2008_1920x0_80_0_0_e9f563984f89e679a087df6c9d7d23eb.jpg
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 2024 жылдан бастап аудан әкімдері сайланады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында айтты. Мен 2020 жылы халыққа Жолдауымда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау туралы айттым. Көп ұзамай ауыл әкімдерін сайладық. Былтырғы Жолдауымда "келесі қадам – аудан әкімдерінің сайлауы" деп айттым. Оны 2024 жылы өткіземіз. Бәлкім, пилоттық жоба ретінде келесі жылдан бастасақ, орынды болар, деді президент.Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Алматы әкімі Ерболат Досаевқа халықтың бірден наразылық білдіргеніне қатысты да ойын айтты. Сұхбат барысында президент бұл шешімін қайта қарамайтынын жеткізді. Сондай-ақ жаңа әкімнің жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырды. "Алматы – еліміздегі ең ірі, ерекше шаһар. Қаланың ахуалы, тұрғындардың әл-ауқаты менің жеке назарымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды. Көптеген нысан өртелді, қиратылды. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл – оңай шаруа емес. Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін", - деді президент.Тоқаев Ерболат Досаевтың бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол екеніне назар аударды. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын, деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_382:0:3113:2048_1920x0_80_0_0_9d37b1092174ac17ea3283aef3e4ad22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, қасым-жомарт тоқаев, ерболат досаев, әкім
сайлау, қасым-жомарт тоқаев, ерболат досаев, әкім
Қазақстанда 2024 жылдан бастап аудан әкімдері сайланады
20:19 17.02.2022 (жаңартылды: 12:17 10.08.2023) Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Алматы әкімі Ерболат Досаевқа халықтың бірден наразылық білдіргеніне қатысты да ойын айтты
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 2024 жылдан бастап аудан әкімдері сайланады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында айтты.
"Кадрлық ауыс-түйіс – үздіксіз жалғаса беретін үдеріс. Лауазым мәңгілік дүние емес. Жұмыстың жаңа талабына икемделе алмаған адамдар қызметтен кетуге мәжбүр болады. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Әкімнің бәрін ауыстыру менің негізгі мақсатым емес. Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жасалады. Негізгі талап – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан қажеттілік болса, тиісті кадрлық шешімдерді қабылдаймын. Міндетті түрде өзгерістер болады", - дейді президент.
Мен 2020 жылы халыққа Жолдауымда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау туралы айттым. Көп ұзамай ауыл әкімдерін сайладық. Былтырғы Жолдауымда "келесі қадам – аудан әкімдерінің сайлауы" деп айттым.
Оны 2024 жылы өткіземіз. Бәлкім, пилоттық жоба ретінде келесі жылдан бастасақ, орынды болар, деді президент.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Алматы әкімі Ерболат Досаевқа халықтың бірден наразылық білдіргеніне қатысты да ойын айтты.
Сұхбат барысында президент бұл шешімін қайта қарамайтынын жеткізді. Сондай-ақ жаңа әкімнің жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырды.
"Алматы – еліміздегі ең ірі, ерекше шаһар. Қаланың ахуалы, тұрғындардың әл-ауқаты менің жеке назарымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды. Көптеген нысан өртелді, қиратылды. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл – оңай шаруа емес. Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін", - деді президент.
Тоқаев Ерболат Досаевтың бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол екеніне назар аударды. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын, деп түйіндеді мемлекет басшысы.