https://sputnik.kz/20220217/almatyda-quldyqta-bolgan-ayel-22857239.html
Алматыда құлдықта болған әйел: "Екі балаңды тірідей көрмейсің деді"
Алматыда құлдықта болған әйел: "Екі балаңды тірідей көрмейсің деді"
Sputnik Қазақстан
Басында бәрі жақсы болған, бірақ уақыт өте келе қоқан-лоқы көрсете бастады, дейді Өзбекстан азаматы 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T07:00+0500
2022-02-17T07:00+0500
2022-02-17T07:13+0500
құлдық
өзбекстан
алматы
https://sputnik.kz/img/479/60/4796038_0:490:1997:1613_1920x0_80_0_0_c853e3c601aacb61d88f7a8cb828cf66.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Алматыдағы оңалту орталығының көмегіне жүгінген әйелдің тағдыры қылмыстық істің қозғалуына себеп болды. Бұл туралы орталықтың директоры айтты, деп хабарлады "Астана" арнасы.Құлдыққа түскен Өзбекстан азаматы. Әйел Алматыға жұмыс іздеп келген. Таныс арқылы жұмысқа орналасқан, ол жерде аса ірі көлемде ақша ұрлады деген айып тағылып, қара жұмысқа жегілген.Орталық директорының айтуынша, ел аумағында өзгелерге қарағанда Өзбекстан тұрғындары құлдыққа көбірек түседі екен. Олардың көпшілігі ер адамдар көрінеді."2020 жылы 35 адамға көмек көрсеттік. Оның 30-ы ер адам, 5-уі әйел. Өзбекстан бірінші орында, Польша, Ресей, Қырғызстан азаматтары да бар. 2021 жылы 60 адам келді, 51 – ер, 9 – әйел. Өзбекстан азаматтары – 56 адам", - дейді "Родник" әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы" ҚҚ директоры Нина Балабаева.Адам сату бойынша әлем елдерінің арасында Қазақстан 83-ші орында тұр. Арнайы орталық мамандары осыны айтап дабыл қақты. 2020 жылдың көрсеткіші бойынша 1891 адам осы сауданың құрбаны болған. Оның 744-і Қазақстан азаматы. Зардап шеккендердің көпшілігі қара жұмысқа салынған. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары жыныстық құлдықтан гөрі, еңбек құлдығы басым.Оқи отырыңыз: Алматыда отандастарын құлдыққа сатқан өзбекстандық ұсталды
өзбекстан
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/60/4796038_0:303:1997:1800_1920x0_80_0_0_0a9f372dd61fff6b6cb09ba7d544bd00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құлдық, өзбекстан, алматы
құлдық, өзбекстан, алматы
Алматыда құлдықта болған әйел: "Екі балаңды тірідей көрмейсің деді"
07:00 17.02.2022 (жаңартылды: 07:13 17.02.2022) Басында бәрі жақсы болған, бірақ уақыт өте келе қоқан-лоқы көрсете бастады, дейді Өзбекстан азаматы
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Алматыдағы оңалту орталығының көмегіне жүгінген әйелдің тағдыры қылмыстық істің қозғалуына себеп болды. Бұл туралы орталықтың директоры айтты, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Құлдыққа түскен Өзбекстан азаматы. Әйел Алматыға жұмыс іздеп келген. Таныс арқылы жұмысқа орналасқан, ол жерде аса ірі көлемде ақша ұрлады деген айып тағылып, қара жұмысқа жегілген.
"Алматы қаласына таныс арқылы келдім. Сол жақтағы бір кафеде еден жуушы болып істедім. Басында бәрі жақсы болған, бірақ уақыт өте келе қоқан-лоқы көрсете бастады. 2 балаңды тірідей көрмейсің деді. Телефонымды тартып алды, оған қоса құжаттарымның бәрін алып қойды. Ешкімге хабарласа да алмадым. Ірі көлемді ақша ұрладың деп айыптап, жұмыс істеуге мәжбүрледі", - дейді жәбірленуші.
Орталық директорының айтуынша, ел аумағында өзгелерге қарағанда Өзбекстан тұрғындары құлдыққа көбірек түседі екен. Олардың көпшілігі ер адамдар көрінеді.
"2020 жылы 35 адамға көмек көрсеттік. Оның 30-ы ер адам, 5-уі әйел. Өзбекстан бірінші орында, Польша, Ресей, Қырғызстан азаматтары да бар. 2021 жылы 60 адам келді, 51 – ер, 9 – әйел. Өзбекстан азаматтары – 56 адам", - дейді "Родник" әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы" ҚҚ директоры Нина Балабаева.
Адам сату бойынша әлем елдерінің арасында Қазақстан 83-ші орында тұр. Арнайы орталық мамандары осыны айтап дабыл қақты. 2020 жылдың көрсеткіші бойынша 1891 адам осы сауданың құрбаны болған. Оның 744-і Қазақстан азаматы. Зардап шеккендердің көпшілігі қара жұмысқа салынған. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары жыныстық құлдықтан гөрі, еңбек құлдығы басым.