https://sputnik.kz/20220217/almatyda-oqushy-qyzdyn-denesine-qol-zhugirtken-qart-adam-ustaldy-22860032.html
Алматыда оқушы қызға қол жүгірткен қарт адам ұсталды
Алматыда оқушы қызға қол жүгірткен қарт адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдікті Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T08:58+0500
2022-02-17T08:58+0500
2023-08-11T11:31+0500
өңірлер
алматы
оқушы қыз
https://sputnik.kz/img/244/33/2443365_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_a400e8957f4419e15d58a790597580d0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті 62 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол мас күйде 14 жастағы мектеп оқушысына тиіскені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мектеп оқушысы сол күні түске дейін ағылшын тілі курсына барған. Ол автобус аялдамасынан жекеменшік сектордағы үйіне дейін 300-400 метрдей жүруі керек. 20-25 метр қалғанда 14 жастағы қыз тайып құлаған. Сол кезде көліктердің бірі тоқтап, рөлде отырған егде жастағы ер адам үйіне дейін жеткізіп тастайтынын айтқан. Ал көлігіне отырғызып алғаннан кейін қызға қол жүгіртіп, тиісе бастаған. Бірақ мектеп оқушысы есікті ашып, қашып кеткен. Сол кезде сыртта жүрген анасы көлік нөмірі мен оның иесін фотоға түсіріп үлгерген. Дереу полицияға арыз жазған.Қарасай аудандық полиция басқармасы 15 ақпанда шағым түскенін растады. Бірнеше сағаттың ішінде күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 124-бабы (Жас балаларға азғындық әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды."Оған қоса, ер адам көлік рөліне мас күйде отырған. Осыған байланысты 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды", - дейді полицейлер.Айта кетері, балаға азғындық әрекет жасағаны үшін жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/244/33/2443365_264:0:985:541_1920x0_80_0_0_b2e46999dc45396183104164e11c9ebc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, оқушы қыз
Алматыда оқушы қызға қол жүгірткен қарт адам ұсталды
08:58 17.02.2022 (жаңартылды: 11:31 11.08.2023) Күдікті Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті 62 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол мас күйде 14 жастағы мектеп оқушысына тиіскені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мектеп оқушысы сол күні түске дейін ағылшын тілі курсына барған. Ол автобус аялдамасынан жекеменшік сектордағы үйіне дейін 300-400 метрдей жүруі керек. 20-25 метр қалғанда 14 жастағы қыз тайып құлаған. Сол кезде көліктердің бірі тоқтап, рөлде отырған егде жастағы ер адам үйіне дейін жеткізіп тастайтынын айтқан. Ал көлігіне отырғызып алғаннан кейін қызға қол жүгіртіп, тиісе бастаған. Бірақ мектеп оқушысы есікті ашып, қашып кеткен. Сол кезде сыртта жүрген анасы көлік нөмірі мен оның иесін фотоға түсіріп үлгерген. Дереу полицияға арыз жазған.
Қарасай аудандық полиция басқармасы 15 ақпанда шағым түскенін растады. Бірнеше сағаттың ішінде күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 124-бабы (Жас балаларға азғындық әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Оған қоса, ер адам көлік рөліне мас күйде отырған. Осыған байланысты 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды", - дейді полицейлер.
Айта кетері, балаға азғындық әрекет жасағаны үшін жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.