https://sputnik.kz/20220216/zhylzhymaytyn-mulik-baga-22843467.html
Мамандар 2022 жылы Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы қандай болатынын айтты
Мамандар 2022 жылы Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы қандай болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
FinReview аналитиктері 2022 жылдың сәуіріне дейін бағаның өсуі 10% шегінде болады деп есептейді 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T15:00+0500
2022-02-16T15:00+0500
2022-02-16T15:25+0500
экономика
баспана
баға
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_0:40:3072:1768_1920x0_80_0_0_2cd846c537ae326c152e3fd382d76bbf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. 2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша жаңа салынған үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 386,3 мың теңгені, ескі тұрғын үй бағасы 409,1 мың теңгені құрады. 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда баға тиісінше 2,1% және 2,8%-ке өсті. 2022 жылы нарықта қандай жағдай қалыптасады. FinReview аналитиктері 2022 жылдың сәуіріне дейін бағаның өсуі 10% шегінде болады деп есептейді. Зейнетақы жинағының жаңа шекті мәні іске қосылғаннан кейін тұрғын үй нарығы қайта жандануы керек. Esperio компаниясының аналитигі Нұрбек Ысқақов базалық сценарий кезінде Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасы 5% шегінде өседі деп санайды. Оның пікірінше, 2022 жылдың соңына қарай баспана бағасы арзандауы мүмкін. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтарында жаңа тұрғын үй бағасы Түркістан (7,9%) мен Көкшетауда (5,5%) қатты қымбаттаған. Ешбір өңірде жаңа баспана құнының арзандауы тіркелмеген. Тек Павлодар мен Таразда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы өзгермеген. Ал ескі тұрғын үй бағасы негізінен Ақтөбе (8,3%) және Павлодар (7,9%) қалаларында артқан. Орал, Атырау және Талдықорғанда баға бұрынғы деңгейде қалды. Сондай-ақ 2022 жылдың қаңтарында үйді сатып алу-сату келісімшарттарының саны күрт төмендегені байқалады. Өткен айда оның саны 33 мыңнан сәл асады. Бұл 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 65%-ке аз. Баспана бағасы неге шарықтап жатыр Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтарында жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны бір жыл бұрынғы деңгейден 15,5%-ке, ескі тұрғын үй 21,7%-ке қымбаттады. 2021 жылы сарапшылар тұрғын бағасының өсуіне зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілуі әсер еткенін айтты. Ал нарыққа қатысушылар құрылыс материалының бағасы қымбаттағанын мәлімдеді. Сондай-ақ коронавирус пандемиясы салдарынан жеткізулерде кідіріс туындап, жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап кетті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, құрылыс көлемі жыл сайын кемінде 10%-ке артып жатыр. Алайда, жылжымайтын мүлік нарығының дамуы мен оған қатысушылар санының өсуінің орнына бір ғана компаниялардың үстемдігі байқалады. Мысалы, Нұр-Сұлтандағы үлестік құрылыстағы BI Group холдингінің үлесі 60%-тен асады. Қазақстанда баспана тапшылығы баған өсуіне тағы бір себебі болуы мүмкін. FinReview аналитиктері Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 373 миллион шаршы метрді құрайтынын анықтады. Олардың көбі қалалық жерде, 40%-і Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте шоғырланған. Басқа өңірде бой көтеріп жатқан тұрғын үй көлемі әлі де жеткіліксіз. БҰҰ халықаралық стандарты бойынша орта есеппен бір азаматқа кемінде 30 шаршы метр баспана тиесілі болуы керек. Қазақстанда бұл көрсеткіш 22,6 шаршы метрді құрап отыр. "Бұл мәнді БҰҰ нормасына дейін жеткізу үшін республикаға тағы 180-200 миллион шаршы метр тұрғын үй салу қажет. Ал үкімет 2025 жылға дейін небәрі 103 млн баспана тұрғызуды жоспарлап отыр. Егер халық санының орташа жылдық өсімі 1,3%-ті құрайтынын ескерсек және құрылыс нарығының қазіргі даму қарқынын негізге алсақ, онда мұндай жағдайда да тұрғын үй тапшылығы алдағы 15-20 жылда да жалғаса береді", - дейді FinReview аналитиктері. Қаңтар оқиғасы Алматыдағы тұрғын үй нарығына әсер етті ме Tengenomika telegram-арнасының аналитиктері қаңтар оқиғасы Алматыдағы баспана нарығына аз әсер етті деген пікірде. Ұлттық статистика бюросы ұсынған дерек бойынша, 2022 жылдың қаңтарында Алматыда жаңа тұрғын үй бағасы 1,6%-ке, ал ескі баспана бағасы 1,4%-ке қымбаттады. Ал пәтер жалдау ақысы 8,2%-ке артты. Sputnik.kz редакциясымен сұхбатта Esperio компаниясының аналитигі Нұрбек Ысқақов 2022 жылдың қаңтарында Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы баға өсімін инерциялық деп атап, бір айдың ішінде ауқымды өзгеріс күту дұрыс емес екенін айтты. Жағымсыз саяси ахуал инерциялық трендті күшейтуге ықпал етті."Жылжымайтын мүлік бағасы өсуінің географиялық құрылымы осы нұсқаны растай алады. Мысалы, қаңтарда Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа тұрғын үй 2,4% және 1,6%-ке өссе, саяси және әлеуметтік тұрақсыздық қаупі төмен шағын қалаларда баға бірнеше есе жоғарылады", - дейді сарапшы. Оның пайымдауынша, наразылықтардың экономикалық салдарынан үріккен азаматтар өз жинақтарын саяси сын-қатері аз қалаларда теңге бағамының төмендеуінен сақтандыруға асықты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_34:0:2765:2048_1920x0_80_0_0_9c905cbed1b1f70bd6cd6a0e5d3aba5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, баға
Мамандар 2022 жылы Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы қандай болатынын айтты
15:00 16.02.2022 (жаңартылды: 15:25 16.02.2022) FinReview аналитиктері 2022 жылдың сәуіріне дейін бағаның өсуі 10% шегінде болады деп есептейді
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. 2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша жаңа салынған үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 386,3 мың теңгені, ескі тұрғын үй бағасы 409,1 мың теңгені құрады.
2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда баға тиісінше 2,1% және 2,8%-ке өсті. 2022 жылы нарықта қандай жағдай қалыптасады.
FinReview аналитиктері 2022 жылдың сәуіріне дейін бағаның өсуі 10% шегінде болады деп есептейді. Зейнетақы жинағының жаңа шекті мәні іске қосылғаннан кейін тұрғын үй нарығы қайта жандануы керек.
"Бірақ аса ауқымды өзгеріс күтудің қажеті жоқ. Барлығы инфляция өсімі мен адамдардың өз жинағын құнсызданудан қорғауға деген ұмтылысына байланысты болады. Әдетте нарық экономикасы жағдайында тұрғын үй бағасы инфляция деңгейінен жоғары мәнде өседі. Бірақ қазір баға онсыз да 15-20%-ке қымбат, сондықтан алдымен бағаның реттелуін күту қажет. Алайда ол екіталай, яғни, баспана бағасы арзандамайды. Керісінше, алғашқы жартыжылдықта 5% шегінде өсе береді. Инфляциядан төмен тұрған осы қарқынды өзгеріс деп атауға болады. Ал екінші жартыжылдықта баға 10% шегінде ұлғаяды", - деп түсіндірді сарапшылар.
Esperio компаниясының аналитигі Нұрбек Ысқақов базалық сценарий кезінде Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасы 5% шегінде өседі деп санайды. Оның пікірінше, 2022 жылдың соңына қарай баспана бағасы арзандауы мүмкін.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтарында жаңа тұрғын үй бағасы Түркістан (7,9%) мен Көкшетауда (5,5%) қатты қымбаттаған.
Ешбір өңірде жаңа баспана құнының арзандауы тіркелмеген. Тек Павлодар мен Таразда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы өзгермеген. Ал ескі тұрғын үй бағасы негізінен Ақтөбе (8,3%) және Павлодар (7,9%) қалаларында артқан. Орал, Атырау және Талдықорғанда баға бұрынғы деңгейде қалды.
Сондай-ақ 2022 жылдың қаңтарында үйді сатып алу-сату келісімшарттарының саны күрт төмендегені байқалады. Өткен айда оның саны 33 мыңнан сәл асады. Бұл 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 65%-ке аз.
Баспана бағасы неге шарықтап жатыр
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтарында жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны бір жыл бұрынғы деңгейден 15,5%-ке, ескі тұрғын үй 21,7%-ке қымбаттады.
2021 жылы сарапшылар тұрғын бағасының өсуіне зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілуі әсер еткенін айтты. Ал нарыққа қатысушылар құрылыс материалының бағасы қымбаттағанын мәлімдеді. Сондай-ақ коронавирус пандемиясы салдарынан жеткізулерде кідіріс туындап, жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап кетті.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, құрылыс көлемі жыл сайын кемінде 10%-ке артып жатыр. Алайда, жылжымайтын мүлік нарығының дамуы мен оған қатысушылар санының өсуінің орнына бір ғана компаниялардың үстемдігі байқалады. Мысалы, Нұр-Сұлтандағы үлестік құрылыстағы BI Group холдингінің үлесі 60%-тен асады.
Қазақстанда баспана тапшылығы баған өсуіне тағы бір себебі болуы мүмкін. FinReview аналитиктері Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 373 миллион шаршы метрді құрайтынын анықтады. Олардың көбі қалалық жерде, 40%-і Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте шоғырланған. Басқа өңірде бой көтеріп жатқан тұрғын үй көлемі әлі де жеткіліксіз.
БҰҰ халықаралық стандарты бойынша орта есеппен бір азаматқа кемінде 30 шаршы метр баспана тиесілі болуы керек. Қазақстанда бұл көрсеткіш 22,6 шаршы метрді құрап отыр.
"Бұл мәнді БҰҰ нормасына дейін жеткізу үшін республикаға тағы 180-200 миллион шаршы метр тұрғын үй салу қажет. Ал үкімет 2025 жылға дейін небәрі 103 млн баспана тұрғызуды жоспарлап отыр. Егер халық санының орташа жылдық өсімі 1,3%-ті құрайтынын ескерсек және құрылыс нарығының қазіргі даму қарқынын негізге алсақ, онда мұндай жағдайда да тұрғын үй тапшылығы алдағы 15-20 жылда да жалғаса береді", - дейді FinReview аналитиктері.
Қаңтар оқиғасы Алматыдағы тұрғын үй нарығына әсер етті ме
Tengenomika telegram-арнасының аналитиктері қаңтар оқиғасы Алматыдағы баспана нарығына аз әсер етті деген пікірде. Ұлттық статистика бюросы ұсынған дерек бойынша, 2022 жылдың қаңтарында Алматыда жаңа тұрғын үй бағасы 1,6%-ке, ал ескі баспана бағасы 1,4%-ке қымбаттады. Ал пәтер жалдау ақысы 8,2%-ке артты.
Sputnik.kz редакциясымен сұхбатта Esperio компаниясының аналитигі Нұрбек Ысқақов 2022 жылдың қаңтарында Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы баға өсімін инерциялық деп атап, бір айдың ішінде ауқымды өзгеріс күту дұрыс емес екенін айтты. Жағымсыз саяси ахуал инерциялық трендті күшейтуге ықпал етті.
"Жылжымайтын мүлік бағасы өсуінің географиялық құрылымы осы нұсқаны растай алады. Мысалы, қаңтарда Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа тұрғын үй 2,4% және 1,6%-ке өссе, саяси және әлеуметтік тұрақсыздық қаупі төмен шағын қалаларда баға бірнеше есе жоғарылады", - дейді сарапшы.
Оның пайымдауынша, наразылықтардың экономикалық салдарынан үріккен азаматтар өз жинақтарын саяси сын-қатері аз қалаларда теңге бағамының төмендеуінен сақтандыруға асықты.