Экономика

Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа ақша нарығындағы ахуал туралы айтты

© Photo : официальный сайт АО "НАК "Казатомпром"Галымжан Пирматов
Галымжан Пирматов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Жазылу
Президентке валюта және ақша нарықтарындағы ахуал туралы есеп берілді.
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысына инфляцияны болдырмау жөніндегі ақша-кредит саясатының іске асырылу барысы, сондай-ақ сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі тәуекел-қатерлерді ескере отырып, бағаның өсуін тұрақтандыруға бағытталған Ұлттық банктің жоспары жөнінде баяндалды", - делінген хабарламада.
Президентке валюта және ақша нарықтарындағы ахуал, елдің алтынвалюта резервтерінің жай-күйі, сондай-ақ былтырғы төлем теңгерімін алдын ала бағалау туралы есеп берілді.
Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің негізгі мандаты саналатын қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі пайымы мен жоспарын ұсынды.
Президент Ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін бірқатар нақты тапсырма берді.
Жаңалықтар
0