https://sputnik.kz/20220216/tartipsizdik-zardap-shekkender-22855001.html
ІІМ тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендер жайлы: мүгедек болып қалды
ІІМ тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендер жайлы: мүгедек болып қалды
Sputnik Қазақстан
Қаңтар оқиғалары кезінде 3 мыңнан астам құқық қорғаушы мен әскери қызметші сан алуан жарақат алды 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T20:13+0500
2022-02-16T20:13+0500
2023-08-11T11:40+0500
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
жарақат
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0a/16501546_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_ced9e8a17a2d83bc15dfae892ed42160.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ауыр жарақат алған жүздеген полицей мен әскери қызметші әлі де ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, қаңтар оқиғалары кезінде 3 мыңнан астам құқық қорғаушы мен әскери қызметші сан алуан жарақат алды. Ал қарапайым халықтың ішінде 1726 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олар да сан алуан жарақат алған: Ауруханаға барған адамдардың басым бөлігі Алматы қаласында (686), Алматы облысында (336), Қызылорда облысында (164) және Жамбыл облысында (153) тіркелген. "Сөз жоқ, олардың ішінде мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық тәртіпті бақылаған күш құрылымдары қызметкерлеріне шабуыл жасағандар да бар. Оны бейнежазбалар да растап отыр. Құқық қорғаушылар мен қызметкерлердің арасында пышақ және оқ жарақатын алғандар аз емес", - деп атап өтті Әділов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0a/16501546_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_60a6c8d2a6ff0f3874a6cb8ba732c3bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік, жарақат
ІІМ тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендер жайлы: мүгедек болып қалды
20:13 16.02.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) Қаңтар оқиғалары кезінде 3 мыңнан астам құқық қорғаушы мен әскери қызметші сан алуан жарақат алды
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ауыр жарақат алған жүздеген полицей мен әскери қызметші әлі де ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінде медициналық мекемелерде 273 тәртіп сақшысы мен әскери қызметші ем алып жатыр. Олардың барлығы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ауыр жарақат алған. Бір бөлігі әлі күнге дейін жансақтау бөлімінен шыққан жоқ. Өкінішке қарай, олар ары қарай жұмыс істей алмайды, мүгедек болып қалған", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, қаңтар оқиғалары кезінде 3 мыңнан астам құқық қорғаушы мен әскери қызметші сан алуан жарақат алды.
Ал қарапайым халықтың ішінде 1726 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
Олар да сан алуан жарақат алған:
673 адамда – оқ жарақаты;
469 адамда – пышақ және тағы басқа үшкір затпен жаншылған жарақат;
431 адамда – дене жарақаты.
Ауруханаға барған адамдардың басым бөлігі Алматы қаласында (686), Алматы облысында (336), Қызылорда облысында (164) және Жамбыл облысында (153) тіркелген.
"Сөз жоқ, олардың ішінде мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық тәртіпті бақылаған күш құрылымдары қызметкерлеріне шабуыл жасағандар да бар. Оны бейнежазбалар да растап отыр. Құқық қорғаушылар мен қызметкерлердің арасында пышақ және оқ жарақатын алғандар аз емес", - деп атап өтті Әділов.