Өңірлер

СҚО-да ер адам бір тәулік бойы боранда қалды

© Photo : Polisia.kzСпасение сельчанина в Северо-Казахстанской области: он провел сутки в степи в буран
Спасение сельчанина в Северо-Казахстанской области: он провел сутки в степи в буран - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Жазылу
41 жастағы ер адам салт атпен жылқы іздеп шығып, жоғалып кеткен. Ол түні бойы және ертесінде қамыс арасында боранның басылуын күткен
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында боран кезінде жоғалып кеткен ер адамды бір тәуліктен соң табылды. Іздеу шаралары түнде де тоқтаған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында қолайсыз ауа райы болды. Боран салдарынан Айыртау, Ақжар және Уәлиханов және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда облыстық маңызды 11 жол учаскесі мен республикалық маңызы бар 2 жол учаскесі барлық көлік түрі үшін жабық болды.
Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының барлығына дабылды ескерту туралы хабарлама жіберілді. Алайда тосын оқиға тіркелді. Ақжар ауданы Қарашілік ауылының 41 жастағы тұрғыны жоғалып кеткен. Ол күндіз салт атпен мал соңынан аттанып, оралмаған. Кешке қарай туыстары құтқарушыларға хабарласқан.
"Төтенше жағдайлар департаменті полиция, жергілікті атқарушы органдарды жұмылдырып, іздеу жұмысын ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындар да көмектесті. Ер адамды іздестіруге барлығы 50-ге жуық адам мен 20 техника тартылды. Оның қатарында жол талғамайтын әрі батпақ-саздан оңай өтетін көлік те бар. Іздеу аумағы 200 шаршы шақырымды құрады. Іздеу шаралары түнде де тоқтаған жоқ", - деді СҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы Серік Наурызбаев.
Ер адам көрші ауылға өзі жетіп, туыстарымен байланысқа шыққан. Ол қамыс арасына тығылып, боранның тоқтауын күткен. Боранның беті біршама қайтқан кезде бағдарын анықтап, жақын орналасқан елді мекенге аттанған. Ер адамның жағдайы жақсы, ауруханаға барған жоқ.
Жаңалықтар
0