https://sputnik.kz/20220216/shygysy-kirisinen-kop-memlekettik-qyzmetshiler-qyzmetinen-bosatylady-22830247.html
Шығысы кірісінен көп мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылады
Шығысы кірісінен көп мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылады
Sputnik Қазақстан
Бірақ әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшілерге шығындардың заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік беріледі 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T10:01+0500
2022-02-16T10:01+0500
2022-02-16T12:06+0500
қоғам
кіріс-шығыс
мемлекеттік қызметші
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14523643_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_597d45cc60a8e0771478363415eae7cc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанда кірісі мен шығысының арасындағы айырмашылық 1 000 АЕК-тен (3 миллион теңге) асатын мемлекеттік қызметшілерге айыппұл салынады. Ал егер айырмашылық жылдық табыстан асса, мемлекеттік қызметтен үш жылға босатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатыр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, заң жобасында негізсіз баюға жауаптылық енгізу көзделген.Осыған байланысты қолданыстағы заңнамада көзделген 10 пайыздық жеке табыс салығынан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту ұсынылып отыр.Атап айтқанда, шенеуніктердің шығысы мен табысының айырмашылығы 1 мың АЕК-тен (3 063 000 теңге) асып кетсе, фискалдық санкция қаралады. Яғни, айырмашылық сомасының 90%-і әкімшілік айыппұл ретінде тәркіленеді.Бірақ әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшілерге шығындардың заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік беріледі, деді агенттік төрағасы."Егер сол айырмашылық жылдық табыстан асып жатса және оның қайдан шыққанын түсіндіре алмаса, мансаптық жаза қаралады. Ол дегеніміз мемлекеттік қызметтен үш жылға теріс себептермен босатылады", - деді Ахметжанов.Ол негізсіз баю жауапкершілігін енгізу декларацияның қисынды жалғасы екенін атап өтті.Бұл жаңашылдықтарды халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық қамтуды ескере отырып, 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Өйткені республиканың барлық азаматы 2025 жылы өз кірісінің мөлшері туралы есеп береді. Ал 2026 жылдан бастап олардың шығысын кірісімен салыстыру процесі басталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14523643_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_3d39534c4d1928345276fe65c818ed3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кіріс-шығыс, мемлекеттік қызметші
кіріс-шығыс, мемлекеттік қызметші
Шығысы кірісінен көп мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылады
10:01 16.02.2022 (жаңартылды: 12:06 16.02.2022) Бірақ әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшілерге шығындардың заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанда кірісі мен шығысының арасындағы айырмашылық 1 000 АЕК-тен (3 миллион теңге) асатын мемлекеттік қызметшілерге айыппұл салынады. Ал егер айырмашылық жылдық табыстан асса, мемлекеттік қызметтен үш жылға босатылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, заң жобасында негізсіз баюға жауаптылық енгізу көзделген.
"Бұл норма жемқорлыққа қарсы күрес жүйесінің ең маңызды іргетасы деп айтуға болады. Жасыратыны жоқ, жемқорлықтың арқасында дүние жинап, оларды басқаларға тіркеп, активтерді жасыру схемасы бәріңізге мәлім. Ал осы жасырын байлыққа заңсыз жолмен ие болғанын дәлелдеу оңай емес. Сондықтан азаматтардың шығындары заңды табыстарынан негізсіз асып кетсе, тиісті шаралар қабылдау қажет", - деді ол мәжілістің жалпы отырысында.
Осыған байланысты қолданыстағы заңнамада көзделген 10 пайыздық жеке табыс салығынан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту ұсынылып отыр.
Атап айтқанда, шенеуніктердің шығысы мен табысының айырмашылығы 1 мың АЕК-тен (3 063 000 теңге) асып кетсе, фискалдық санкция қаралады. Яғни, айырмашылық сомасының 90%-і әкімшілік айыппұл ретінде тәркіленеді.
Бірақ әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшілерге шығындардың заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік беріледі, деді агенттік төрағасы.
"Егер сол айырмашылық жылдық табыстан асып жатса және оның қайдан шыққанын түсіндіре алмаса, мансаптық жаза қаралады. Ол дегеніміз мемлекеттік қызметтен үш жылға теріс себептермен босатылады", - деді Ахметжанов.
Ол негізсіз баю жауапкершілігін енгізу декларацияның қисынды жалғасы екенін атап өтті.
Бұл жаңашылдықтарды халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық қамтуды ескере отырып, 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Өйткені республиканың барлық азаматы 2025 жылы өз кірісінің мөлшері туралы есеп береді. Ал 2026 жылдан бастап олардың шығысын кірісімен салыстыру процесі басталады.