https://sputnik.kz/20220216/shuzhyq-qazy-qarta-infar-22830120.html
Дәрігер шұжық пен қазы-қарта қандай ауруға әкеп соғатынын айтты
Дәрігер шұжық пен қазы-қарта қандай ауруға әкеп соғатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Ол майлы тағамдар мен фаст-фуд қан тамырларына кері әсерін тигізетінін атап өтті 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T10:18+0500
2022-02-16T10:18+0500
2022-02-16T10:21+0500
денсаулық
шұжық
инсульт
https://sputnik.kz/img/150/15/1501534_0:0:963:541_1920x0_80_0_0_1c72387b7f3f8b5597c3d072f40560cd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан - Sputnik. Кардиолог, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің бас аритмологы Дамир Осмонов миокард инфарктісінің себептері және тамақтанудың жүрек-қантамыр жүйесіне әсері туралы айтып берді. Sputnik Қырғызстан радиосының эфирінде Осмонов республикада жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші жоғары екенін хабарлады."Инфаркт пен инсульттің пайда болуы себебі бірдей. Бірақ инфаркт жүректе, ал инсульт мида болады. Инфаркт - қан жеткілікті мөлшерде бармағандықтан, миокард бұлшықеттерінің жойылуы. Яғни, инфаркт кезінде жүректі қанмен "қанықтыратын" артерия толық немесе ішінара бітеледі", - деді дәрігер.Ол артерияның бітелу себебі холестерин жиналып жарылуы немесе тамырлы ишемия екенін түсіндірді. "Қабырғаларда холестериннің жиналуына байланысты ишемия болып немесе тамырлар тарылады. Холестерин дұрыс тамақтанбау немесе метаболизм бұзылуына байланысты пайда болады. Яғни, инфаркттың алдын алу үшін ең алдымен дұрыс тамақтанып, белсенді өмір салтын ұстану керек. Зиянды әдеттерден арылған жөн", - деді маман. Ол майлы тағамдар мен фаст-фуд қан тамырларына кері әсерін тигізетінін атап өтті. "Барлығымыздың сүйіп жейтін шұжық пен қазы-қарта, шаурма, гамбургерлер, тәтті газдалған сусыннан ишемия пайда болады. Ол инфаркт пен инсультқа әкеледі. Тамақтану балансын сақтау керек: ақуыздар мен көмірсулар 50 процент (ет, картоп, макарон) және көкөніс мен жеміс 50 процент", — деді кардиолог.Оның айтуынша, аз қимылдайтын қалалықтар үшін физикалық белсенділік маңызды, ал ауыл тұрғындары ас мәзіріне жеміс мен көкөніс қосу керек.
https://sputnik.kz/20210308/Dariger-shujyq-16480763.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/150/15/1501534_93:0:814:541_1920x0_80_0_0_99f6fc9e2b7823ac1b60748f2a0f8161.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазы қарта шұжық кардиолог казы карта чужук чучук инфаркт инсульт ишемия
қазы қарта шұжық кардиолог казы карта чужук чучук инфаркт инсульт ишемия
Дәрігер шұжық пен қазы-қарта қандай ауруға әкеп соғатынын айтты
10:18 16.02.2022 (жаңартылды: 10:21 16.02.2022) Ол майлы тағамдар мен фаст-фуд қан тамырларына кері әсерін тигізетінін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан - Sputnik. Кардиолог, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің бас аритмологы Дамир Осмонов миокард инфарктісінің себептері және тамақтанудың жүрек-қантамыр жүйесіне әсері туралы айтып берді.
Sputnik Қырғызстан радиосының эфирінде Осмонов республикада жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші жоғары екенін хабарлады.
"Инфаркт пен инсульттің пайда болуы себебі бірдей. Бірақ инфаркт жүректе, ал инсульт мида болады. Инфаркт - қан жеткілікті мөлшерде бармағандықтан, миокард бұлшықеттерінің жойылуы. Яғни, инфаркт кезінде жүректі қанмен "қанықтыратын" артерия толық немесе ішінара бітеледі", - деді дәрігер.
Ол артерияның бітелу себебі холестерин жиналып жарылуы немесе тамырлы ишемия екенін түсіндірді.
"Қабырғаларда холестериннің жиналуына байланысты ишемия болып немесе тамырлар тарылады. Холестерин дұрыс тамақтанбау немесе метаболизм бұзылуына байланысты пайда болады. Яғни, инфаркттың алдын алу үшін ең алдымен дұрыс тамақтанып, белсенді өмір салтын ұстану керек. Зиянды әдеттерден арылған жөн", - деді маман.
Ол майлы тағамдар мен фаст-фуд қан тамырларына кері әсерін тигізетінін атап өтті.
"Барлығымыздың сүйіп жейтін шұжық пен қазы-қарта, шаурма, гамбургерлер, тәтті газдалған сусыннан ишемия пайда болады. Ол инфаркт пен инсультқа әкеледі. Тамақтану балансын сақтау керек: ақуыздар мен көмірсулар 50 процент (ет, картоп, макарон) және көкөніс мен жеміс 50 процент", — деді кардиолог.
Оның айтуынша, аз қимылдайтын қалалықтар үшін физикалық белсенділік маңызды, ал ауыл тұрғындары ас мәзіріне жеміс мен көкөніс қосу керек.