https://sputnik.kz/20220216/qyzylordada-bazar-er-adam-22845954.html
Қызылорда базарында болған оқиға жұртты шошытты – мән-жайы
Қызылорда базарында болған оқиға жұртты шошытты – мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Қызылорда қалалық полиция басқармасы осы оқиғаның бір күн бұрын болғанын растады 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T16:41+0500
2022-02-16T16:41+0500
2022-02-16T16:47+0500
оқиға
қызылорда
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0f/16807837_0:0:2999:1687_1920x0_80_0_0_ef9376f13ebdbcf501194c0afad47552.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қызылорда қаласының базарында болған жанжал кезінде ер адам өз-өзіне бензин шашқан. Instagram желісіндегі жергілікті топта осы оқиғаның мән-жайы жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, базарда кептірілген жеміс сататын екі саудагер жанжалдасып қалған.Қызылорда қалалық полиция басқармасы осы оқиғаның бір күн бұрын болғанын растады. Екі саудагер сөзге келіп қалып, арты жанжалға ұласқан. Сол кезде біреуі өзіне бензин шашып, халықтың зәресін ұшырған. Оның көші-қон заңнамасын да бұзғаны анықталды."Кептірілген жеміс сататын Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы, 5-тармағы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін хаттама рәсімделді", - дейді полицейлер. Қазіргі кезде барлық материал Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Соңғы шешімді судья шығарады.Айта кетері, 517-баптың 5-тармағында визада көрсетілген мақсаттарға сай келмейтін және рұқсатсыз еңбек қызметін жүргізу туралы айтылған. Осы әрекет үшін 25 АЕК (76 575 теңге) көлемінде айыппұл салу не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу немесе Қазақстаннан әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы қарастырылған.
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0f/16807837_337:0:2586:1687_1920x0_80_0_0_9ef2ea56e7a5abd43b5e95b0d133e782.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда кызылорда
Қызылорда базарында болған оқиға жұртты шошытты – мән-жайы
16:41 16.02.2022 (жаңартылды: 16:47 16.02.2022) Қызылорда қалалық полиция басқармасы осы оқиғаның бір күн бұрын болғанын растады
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қызылорда қаласының базарында болған жанжал кезінде ер адам өз-өзіне бензин шашқан.
Instagram желісіндегі
жергілікті топта осы оқиғаның мән-жайы жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, базарда кептірілген жеміс сататын екі саудагер жанжалдасып қалған.
"Дау-дамай базардағы орын үшін басталды. Ер адам біздің көзімізше үстіне бензин құйып жіберді. Сосын оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, оны алып кетті", - деп жазды желі қолданушылардың бірі.
Қызылорда қалалық полиция басқармасы осы оқиғаның бір күн бұрын болғанын растады. Екі саудагер сөзге келіп қалып, арты жанжалға ұласқан. Сол кезде біреуі өзіне бензин шашып, халықтың зәресін ұшырған. Оның көші-қон заңнамасын да бұзғаны анықталды.
"Кептірілген жеміс сататын Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы, 5-тармағы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін хаттама рәсімделді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде барлық материал Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Соңғы шешімді судья шығарады.
Айта кетері, 517-баптың 5-тармағында визада көрсетілген мақсаттарға сай келмейтін және рұқсатсыз еңбек қызметін жүргізу туралы айтылған. Осы әрекет үшін 25 АЕК (76 575 теңге) көлемінде айыппұл салу не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу немесе Қазақстаннан әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы қарастырылған.