https://sputnik.kz/20220216/nemis-kantsleri-europa-22852911.html
Неміс канцлері Еуропадағы ахуалға қатысты пікір білдірді
Неміс канцлері Еуропадағы ахуалға қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Украина төңірегіндегі шиеленіс тоқтар емес. Кейбір батыстық БАҚ Ресей Украинаға 16 ақпанда шабуыл жасайды деп жорамалдады. Киевтен дипломаттар, миллиардерлер... 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T21:08+0500
2022-02-16T21:08+0500
2022-02-16T21:08+0500
әлем
германия канцлері
еуропа
https://sputnik.kz/img/802/24/8022437_0:181:1920:1261_1920x0_80_0_0_d325e3217e0e907e25acade3de7607b3.jpg
Осы оқиғаллар аясында Германия канцлері Олаф Шольц Мәскеуге ұшып келіп, РФ президенті Владимир Путинмен бірлескен баспасөз конференциясын өткізді. Осы туралы РИА Новости жазды. Батыстағы баспасөз белгілеген күн жақындаған сайын жағдай ушыға түсті. Президент Владимир Зеленский елден кеткен Жоғары рада депутаттарының қайта оралуын талап етті. Дүйсенбіде Ресей президенті Владимир Путин сыртқы істер және қорғаныс министрлерін қабылдады. Сергей Лавров қауіпсіздік кепілдіктері туралы АҚШ және НАТО-мен арадағы келіссөз барысы туралы, Сергей Шойгу әскери оқу-жаттығулар жайын баяндады. Батыстағы серіктестер жолдаған жауап Ресейдің көңілінен шықпай отырғанымен, назар аударуға тұратын сөйлемдерден құралған. Ал Баренц, Қара және Балтық теңіздеріндегі, сондай-ақ Батыс, Шығыс және Орталық әскери округтердегі маневрлер жақында аяқталады. Батыстағы медиа "шабуыл" күнінің ауысқанын хабарлады. CNN айтуынша, бұған ауа райы кедергі: күннің жылынуы мен жер жұмсақтығы "ресейлік шабуылға" тосқауыл болып отыр. Алайда журналистер артиллерия, авиация мен зымырандарға еш кедергі жоқ деп насихат жүргізді. РИА Новости жазғандай, шетелдік елшіліктер дипломаттардың елге қайтқаны туралы хабарлап жатыр. АҚШ миссиясының негізгі қызметкерлері Киевтен Львовқа қоныс аударып үлгерді. Кезекті авиакомпания – Norwegian – қауіпсіздікке байланысты Украина аспанынан ұшуларды тоқтатты. Ал Киевте халықты эвакуациялар мәселелері жөнінде комиссия құрылды. Дүйсенбі күні "Слуги народа" фракциясының отырысына қатысқан Зеленский "дүрбелеңді үдеткені үшін Украина серіктестермен "сөзге келіп қалғанын", алайда ақырында өзара келісімге келгенін" мәлімдегені белгілі болды. Қорғаныс министрі Алексей Резников елде әскери жағдай енгізуге әзірше еш себеп жоқ екенін айтты. Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі Вадим Пристайко НАТО-ға кіруден бас тарту ықтималдылығы туралы пікір білдірді де, кейіннен осы ойы үшін кешірім сұрады."Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Сондықтан ресейлік үкімет мұны саяси проблеманың үлкен бір бөлігіне айналдыруы түсініксіз", - деді Шольц. Осыған қатысты Ресей президенті Владимир Путин сейсенбіде Мәскеуде өткен баспасөз концеренциясында толығырақ түсініктеме берді. "Мұны ертең болмайды дейді. Сонда қашан? Арғы күні ме? Тарих ауқымында мұндай мерзім ештеңені өзгертпейді. Украина қазір НАТО-ға кіруге дайын емес дейді. Бұл бізге таныс тезис. Сонда қашан кіреді? Дайын болған кезде ме? Біз үшін ол кезде тым кеш болуы мүмкін. Сондықтан дәл қазір, жақын уақытта осыны келіссөз кезінде, бейбіт әдіспен шешуді талап етеміз", - деді ресейлік президент. Соңғы күндері Вашингтонда, Киевте болған неміс канцлері Путинмен үш сағаттан астам уақыт бойы келіссөз жүргізді. Олар екеуі де келіссөзді жоғары бағалап, іскерлік атмосферасы қалыптасқанын және ортақ мәселелер аясы кең екенін айтты. Өз кезегінде Шольц ресейлік армияның Украина шекарасына шоғырлауына Батыстың алаңдап отырғанын жеткізіп, бірақ дипломатия арқылы туындаған мәселені шешуге болатынына сенім білдірді. Ол әскердің бір бөлігі тұрақты орналасу орнына қайтуын "жақсылықтың нышаны" деп атады. Сонымен қатар Шольц Еуропада соғыс басталуына жол бермеу қажеттілігін және ол үшін барлық тарап бірдей атсалысуы керек екенін атап өтті.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/802/24/8022437_0:1:1920:1441_1920x0_80_0_0_4ef346aeb7c70d3103a1e95ac8ecb745.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
германия канцлері, еуропа
германия канцлері, еуропа
Неміс канцлері Еуропадағы ахуалға қатысты пікір білдірді
Украина төңірегіндегі шиеленіс тоқтар емес. Кейбір батыстық БАҚ Ресей Украинаға 16 ақпанда шабуыл жасайды деп жорамалдады. Киевтен дипломаттар, миллиардерлер мен депутаттар кетіп жатыр деген ақпарат таратты.
Осы оқиғаллар аясында Германия канцлері Олаф Шольц Мәскеуге ұшып келіп, РФ президенті Владимир Путинмен бірлескен баспасөз конференциясын өткізді. Осы туралы
РИА Новости жазды.
Батыстағы баспасөз белгілеген күн жақындаған сайын жағдай ушыға түсті. Президент Владимир Зеленский елден кеткен Жоғары рада депутаттарының қайта оралуын талап етті.
Дүйсенбіде Ресей президенті Владимир Путин сыртқы істер және қорғаныс министрлерін қабылдады. Сергей Лавров қауіпсіздік кепілдіктері туралы АҚШ және НАТО-мен арадағы келіссөз барысы туралы, Сергей Шойгу әскери оқу-жаттығулар жайын баяндады. Батыстағы серіктестер жолдаған жауап Ресейдің көңілінен шықпай отырғанымен, назар аударуға тұратын сөйлемдерден құралған. Ал Баренц, Қара және Балтық теңіздеріндегі, сондай-ақ Батыс, Шығыс және Орталық әскери округтердегі маневрлер жақында аяқталады.
"Әскер тұрақты орналасу орындарына қайтып жатыр. Батыстағы БАҚ "орыс әскері Байден мәлімдемесінен сескенген соң кері қайтты" демей тұрғанда ресми түрде мәлімдеймін: бұл іс-қимыл маневрлерінің аяқталуына байланысты", - деді Лавров.
Батыстағы медиа "шабуыл" күнінің ауысқанын хабарлады. CNN айтуынша, бұған ауа райы кедергі: күннің жылынуы мен жер жұмсақтығы "ресейлік шабуылға" тосқауыл болып отыр. Алайда журналистер артиллерия, авиация мен зымырандарға еш кедергі жоқ деп насихат жүргізді.
РИА Новости жазғандай, шетелдік елшіліктер дипломаттардың елге қайтқаны туралы хабарлап жатыр. АҚШ миссиясының негізгі қызметкерлері Киевтен Львовқа қоныс аударып үлгерді. Кезекті авиакомпания – Norwegian – қауіпсіздікке байланысты Украина аспанынан ұшуларды тоқтатты. Ал Киевте халықты эвакуациялар мәселелері жөнінде комиссия құрылды.
Дүйсенбі күні "Слуги народа" фракциясының отырысына қатысқан Зеленский "дүрбелеңді үдеткені үшін Украина серіктестермен "сөзге келіп қалғанын", алайда ақырында өзара келісімге келгенін" мәлімдегені белгілі болды. Қорғаныс министрі Алексей Резников елде әскери жағдай енгізуге әзірше еш себеп жоқ екенін айтты.
Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі Вадим Пристайко НАТО-ға кіруден бас тарту ықтималдылығы туралы пікір білдірді де, кейіннен осы ойы үшін кешірім сұрады.
"Бүгінде көп көшбасшы альянсқа мүшелік мәселесін көтерудің қажеті жоқ деп санайды. Мұны ешкім жасырмайтын секілді", - деді ол Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуде.
"Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Сондықтан ресейлік үкімет мұны саяси проблеманың үлкен бір бөлігіне айналдыруы түсініксіз", - деді Шольц. Осыған қатысты Ресей президенті Владимир Путин сейсенбіде Мәскеуде өткен баспасөз концеренциясында толығырақ түсініктеме берді.
"Мұны ертең болмайды дейді. Сонда қашан? Арғы күні ме? Тарих ауқымында мұндай мерзім ештеңені өзгертпейді. Украина қазір НАТО-ға кіруге дайын емес дейді. Бұл бізге таныс тезис. Сонда қашан кіреді? Дайын болған кезде ме? Біз үшін ол кезде тым кеш болуы мүмкін. Сондықтан дәл қазір, жақын уақытта осыны келіссөз кезінде, бейбіт әдіспен шешуді талап етеміз", - деді ресейлік президент.
Соңғы күндері Вашингтонда, Киевте болған неміс канцлері Путинмен үш сағаттан астам уақыт бойы келіссөз жүргізді. Олар екеуі де келіссөзді жоғары бағалап, іскерлік атмосферасы қалыптасқанын және ортақ мәселелер аясы кең екенін айтты.
Өз кезегінде Шольц ресейлік армияның Украина шекарасына шоғырлауына Батыстың алаңдап отырғанын жеткізіп, бірақ дипломатия арқылы туындаған мәселені шешуге болатынына сенім білдірді. Ол әскердің бір бөлігі тұрақты орналасу орнына қайтуын "жақсылықтың нышаны" деп атады. Сонымен қатар Шольц Еуропада соғыс басталуына жол бермеу қажеттілігін және ол үшін барлық тарап бірдей атсалысуы керек екенін атап өтті.