Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Министрлік қамауға алынған адамдардың санын жариялады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТюрьма. Архивное фото
Тюрьма. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Жазылу
Қамауға алу туралы барлық шешім қылмыстық-процессуалдық заң бойынша шығарылады
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктер бойынша қамауға алынған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінгі таңда ішкі істер органдары 2 565 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар бойынша 271 адам қамауға алынды", - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айтуынша, қамауға алу туралы барлық шешім қылмыстық-процессуалдық заң бойынша шығарылады. Міндетті түрде прокуратураның келісімі алынады және сот санкциясы беріледі.
Бүгінде ұсталған адамға қатысты заңсыз күш қолдану және тағы басқа арыздар болса, ішкі қауіпсіздік департаменті бірден тексеріс өткізеді. Осы уақытқа дейін 59 шағым қаралып, қылмыстық істер қозғалды. Барлық материал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.
"Бұдан бөлек, 18 арыз бойынша қызметтік тексеріс жасалды. Адамдардан жауап алынды, бейнежазбалар тексерілді. Билікті асыра қолдану фактілері расталған жоқ. Барлық тергеу шаралары бейнебақылау жүйесі орнатылған жерлерде жүргізіледі", - деді департамент бастығы.
Осы орайда Әділов изолятордан 103 адам босатылғанын атап өтті. Олардың жазасы жеңілдетілді. Мәселен, соңғы үш күннің ішінде 36 адам босатылған.
Айта кетері, бұған дейін 200-ден астам күдікті изолятордан шығарылған болатын. Олардың жазасы қаладан шықпау немесе кепіл төлеу сияқты шараларға ауыстырылды.
Оқи отырыңыз: Екі мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында – Бас прокуратура
Жаңалықтар
0