Қоғам

Әлеуметтік желіде масқара болған тараздық экс-шенеунік мән-жайды түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Жазылу
Асхат Есеналиевтың айтуынша, 9 ақпан күні кешкі уақытта бірнеше адам хабарласып, әлеуметтік желіге бірнеше видео шығатынын ескерткен
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары өзін видеоға түсіріп масқаралағандарды сотқа бермекші.
Асхат Есеналиевтың сөзінше, әлдебіреулер видеоны әлеуметтік желіге жарияламас үшін одан қомақты ақша бопсалаған екен. Бұл туралы КТК хабарлады.
"9 ақпан күні кешкі уақытта бірнеше адам хабарласып, әлеуметтік желіге бірнеше видео шығатынын ескертіп, қомақты ақшалай қаржы талап етті. Мен ол ақшаны бермейтінімді ескерттім", - дейді Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары Асхат Есеналиев.
Бұрынғы әкім орынбасары осылайша өзін аяқтан шалғандарды сотқа беремін деп білек сыбанып отыр. Жұмыстан өз еркімен шығып кетуі де сондықтан екен. Өйткені мемлекеттік қызметте мұндайға шектеулер бар дейді. Ал дау болған видеоның "Жасыл Тараз" мекемесінде түсірілгені белгілі болды.
Асхат Есеналиевтың сөзінше, сол кабинетте тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бөлім басшысы, қала әкімінің кеңесшісі және құрылыс фирмасының директоры болған. Соңғы азаматпен Есеналиевтың бұрыннан бас араздығы болып, дау сол жерде тағы жалғасып, екеуі төбелесуге дейін барыпты. Бірақ ішімдік ішпегенін айтады.
Экс-шенеунік видеоны нақты кім түсіргенін және кімдердің ақша бопсалағанын ашық айтпады.
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Асхат Есеналиев пен қала әкімі кеңесшісінің былапыт сөз айтып, мас адамша теңселіп тұрған видеосы тараған. Осыдан кейін екеуі де қызметтен өз еркімен кетті.
Жаңалықтар
0