https://sputnik.kz/20220216/etnozhurnalistika-mamandygy-payda-boluy-mumkin-22838113.html
Қазақстанда этножурналистика мамандығы пайда болуы мүмкін
Қазақстанда этножурналистика мамандығы пайда болуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Жеке мамандар, этносаясаттанушылар, этножурналистер, этнопсихологтар мен этномедиаторлар жетіспеушілігі байқалып отыр, деді депутат Дементьева 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T13:21+0500
2022-02-16T13:21+0500
2022-02-16T13:21+0500
қоғам
журналистика
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15400227_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_8a68275a1108ff3551c5fd46cf2680f1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева этносаралық жанжалдардың алдын алу үшін этножурналистика мамандарын даярлауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, статистикалық деректер бойынша бүгінде Қазақстан халқының үштен бір бөлігінен астамын түрлі этнос өкілдері құрайды. Бұл шамамен 6 миллион адам. Соңғы уақытта орталық және жергілікті деңгейде этносаралық басқару процесін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бірақ қабылданған шараларға қарамастан, арнайы жеке мамандар, этносаясаттанушылар, этножурналистер, этнопсихологтар мен этномедиаторлар жетіспеушілігі байқалуда.Этносаралық қатынастар саласында маман даярлау қажеттілігі мемлекеттік деңгейде де, азаматтық институттар деңгейінде де айтарлықтай өсті. Оның пікірінше, этножурналистика мамандығы бойынша магистр бағдарламаларын іске қосу немесе отандық журналистерді бакалавр негізінде даярлайтын жоғары оқу орындары базасында тиісті мамандарды шығару болашақта осы саладағы мамандар тапшылығының орнын толтыруға, еліміздегі этносаралық қатынастардың өмірлік маңызды мәселелерін объективті жария етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Осыған байланысты депутат үкіметтен бейінді мемлекеттік органдар мен білім және ғылым министрлігіне алдағы жаңа оқу жылынан бастап осы санаттағы мамандарды даярлау мәселесін пысықтауды тапсыруды өтінді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15400227_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_783afdfc554bdb8e29425c60031d8922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналистика
Қазақстанда этножурналистика мамандығы пайда болуы мүмкін
Жеке мамандар, этносаясаттанушылар, этножурналистер, этнопсихологтар мен этномедиаторлар жетіспеушілігі байқалып отыр, деді депутат Дементьева
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева этносаралық жанжалдардың алдын алу үшін этножурналистика мамандарын даярлауды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, статистикалық деректер бойынша бүгінде Қазақстан халқының үштен бір бөлігінен астамын түрлі этнос өкілдері құрайды. Бұл шамамен 6 миллион адам. Соңғы уақытта орталық және жергілікті деңгейде этносаралық басқару процесін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бірақ қабылданған шараларға қарамастан, арнайы жеке мамандар, этносаясаттанушылар, этножурналистер, этнопсихологтар мен этномедиаторлар жетіспеушілігі байқалуда.
Этносаралық қатынастар саласында маман даярлау қажеттілігі мемлекеттік деңгейде де, азаматтық институттар деңгейінде де айтарлықтай өсті.
"Интернет кеңістіктің адам санасына және этносаралық қатынастар дамуындағы әсерін ескере отырып, этносаралық қатынастар саласында кадрларды жедел даярлау талап етіледі. Болашақ журналистерді қылмыстық, тұрмыстық жанжалдарға этносаралық реңк беру мақсатында шындыққа сай келмейтін фактілердің кеңінен таралуы, жалған ақпараттарды тираждау, оқиғаларды бұрмалау жағдайында ақпараттық жұмыстың заманауи құралдары мен технологияларына үйрету қажет деген ойдамыз", - деді Дементьева премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.
Оның пікірінше, этножурналистика мамандығы бойынша магистр бағдарламаларын іске қосу немесе отандық журналистерді бакалавр негізінде даярлайтын жоғары оқу орындары базасында тиісті мамандарды шығару болашақта осы саладағы мамандар тапшылығының орнын толтыруға, еліміздегі этносаралық қатынастардың өмірлік маңызды мәселелерін объективті жария етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты депутат үкіметтен бейінді мемлекеттік органдар мен білім және ғылым министрлігіне алдағы жаңа оқу жылынан бастап осы санаттағы мамандарды даярлау мәселесін пысықтауды тапсыруды өтінді.