https://sputnik.kz/20220216/dimash-kamila-valievaga-22850727.html
Димаш Камила Валиеваға арнап жазба жариялады
Димаш Камила Валиеваға арнап жазба жариялады
Sputnik Қазақстан
Ол небары 15 жастағы қыз, соған қарамастан қайсар мінез танытты, деп жазды Димаш 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T17:59+0500
2022-02-16T17:59+0500
2023-08-10T17:07+0500
қоғам
димаш құдайберген
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0e/22766249_0:93:3129:1853_1920x0_80_0_0_c193acbbf683d934eb800095aa624747.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Олимпиадада өнер көрсетіп жатқан ресейлік жас мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваны қолдап, жылы лебізін білдірді."Достар, мен қазақстандық спортшылардың жанкүйері болсам да, бүгін көрші елдегі талантты Камила Валиева қарындасымды қолдап, қатал соққыдан кейін керемет өнер көрсетіп, жеңіске жетуімен құттықтағым келіп отыр. Ол небары 15 жастағы қыз, соған қарамастан қайсар мінез танытты. Құрметті ресейліктер, сіздерді кішкентай ханшайымдарыңыздың айқын жеңісімен құттықтаймын", - деп жазды ол.Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпанда Халықаралық допинг тестілеу агенттігі (ІТА) Валиева 2021 жылдың 25 желтоқсанда тапсырған допинг-сынама триметазидин препаратына қатысты оң нәтиже бергенін хабарлады.Алайда бұл деректі Стокгольмдегі допингке қарсы зертхана 8 ақпанда, яғни ресейліктердің жеңісінен кейінгі күні жолдады. Осыдан кейін Ресейдің допингке қарсы агенттігі Валиеваны жарыстан уақытша шектеді.Бірақ келесі күнгі апелляциядан кейін оның күші жойылды. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК), Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) және Халықаралық коньки тебу одағы (ISU) бұл шешімге қатысты CAS мекемесіне шағымданды.14 ақпанда спорт арбитраж соты шешім шығарып, Валиеваға жарысқа қатысуға рұқсат берілді."Халықаралық Олимпиада комитеті, WADA мен ISU шағымдары кері қайтарылды", - деп жазылған құжатта.Алайда СAS командалық жарысқа қатысты мәселені қарастырған жоқ. Оны басқа іс жүргізу аясында қарастыру жоспарланып отыр. 7 ақпанда ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар командалық жарыста жеңді. Бірақ марапаттау шарасын белгісіз мерзімге кейінге қалдырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0e/22766249_400:0:3129:2047_1920x0_80_0_0_7a89b3096c7ffacd9cbfdc7e93bad527.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
димаш құдайберген
Димаш Камила Валиеваға арнап жазба жариялады
17:59 16.02.2022 (жаңартылды: 17:07 10.08.2023) Ол небары 15 жастағы қыз, соған қарамастан қайсар мінез танытты, деп жазды Димаш
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Олимпиадада өнер көрсетіп жатқан ресейлік жас мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваны қолдап, жылы лебізін білдірді.
"Достар, мен қазақстандық спортшылардың жанкүйері болсам да, бүгін көрші елдегі талантты Камила Валиева қарындасымды қолдап, қатал соққыдан кейін керемет өнер көрсетіп, жеңіске жетуімен құттықтағым келіп отыр. Ол небары 15 жастағы қыз, соған қарамастан қайсар мінез танытты. Құрметті ресейліктер, сіздерді кішкентай ханшайымдарыңыздың айқын жеңісімен құттықтаймын", - деп
жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпанда Халықаралық допинг тестілеу агенттігі (ІТА) Валиева 2021 жылдың 25 желтоқсанда тапсырған допинг-сынама триметазидин препаратына қатысты оң нәтиже бергенін хабарлады.
Алайда бұл деректі Стокгольмдегі допингке қарсы зертхана 8 ақпанда, яғни ресейліктердің жеңісінен кейінгі күні жолдады. Осыдан кейін Ресейдің допингке қарсы агенттігі Валиеваны жарыстан уақытша шектеді.
Бірақ келесі күнгі апелляциядан кейін оның күші жойылды. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК), Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) және Халықаралық коньки тебу одағы (ISU) бұл шешімге қатысты CAS мекемесіне шағымданды.
14 ақпанда спорт арбитраж соты шешім шығарып, Валиеваға жарысқа қатысуға рұқсат берілді.
"Халықаралық Олимпиада комитеті, WADA мен ISU шағымдары кері қайтарылды", - деп жазылған құжатта.
Алайда СAS командалық жарысқа қатысты мәселені қарастырған жоқ. Оны басқа іс жүргізу аясында қарастыру жоспарланып отыр. 7 ақпанда ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар командалық жарыста жеңді. Бірақ марапаттау шарасын белгісіз мерзімге кейінге қалдырды.