Қоғам

Депутат дәрігерлерге қайтадан қосымша ақы төлеуді ұсынды

© Photo : DarkoStojanovicМедицинские принадлежности и документы на столе у врача, иллюстративное фото
Медицинские принадлежности и документы на столе у врача, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Жазылу
Көптеген медицина қызметкері біліктілік санаттарының алынып тасталғанына шағымданған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары медицина қызметкерлеріне біліктілік санаттары үшін қосымша ақыны қайтадан төлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, көптеген медицина қызметкері біліктілік санаттарының алынып тасталғанына шағымдануда. Яғни, қазіргі таңда еңбек өтілі мен тәжірибесі мол дәрігерлер мен медбикелер санат сертификатының мерзімі аяқталғаннан кейін жас мамандармен бірдей жалақы алады. Біліктілік санаттары алынып тасталып, біліктілік деңгейлеріне ауыстырылған. Ал олар үшін ақы төленбейді.
"Осылайша уәде берілгендей, жалақыға 30% үстемақы бар, бірақ санат үшін қосымша ақы алынып тасталды. Бір жағынан беріп, екінші жағынан тартып алып жатырмыз. Соның кесірінен медицина қызметкерлерінің жалақысы сол күйі қалып отыр. Бұл олардың наразылығын тудырып, олардың біліктілікті арттыруға, тиімді жұмыс пен кәсібилікке ұмтылуға деген ынтасын төмендететіні түсінікті", - деді Нұрымова премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.
Оның пікірінше, біліктілік санаттары мен қосымша ақының алынып тасталуы президенттің дәрігер мамандарды материалдық жағынан қамтамасыз ету туралы тапсырмасына қайшы келеді.
Осыған байланысты депутаттар медицина қызметкерлеріне біліктілік санаттары үшін жалақыға қосымша ақыны қайтадан қосуды ұсынды.
Врач в защитном костюме выходит после смены в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Денсаулық
Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің сөзін жоққа шығарды
Жаңалықтар
0