Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Бейжің Олимпиадасынан кейін кадрлық өзгерістер болады – министр

© AFP 2024 / JEWEL SAMADЛыжники пробегают мимо олимпийских колец в Пеккине
Лыжники пробегают мимо олимпийских колец в Пеккине - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Жазылу
министрлік Бурабайда көшпелі кеңесті өткізуді жоспарлап қойған
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бейжің Олимпиадасынан кейін көшпелі кеңес өтетінін мәлімдеді. Сол жерде кардрлық шешімдер де қабылданады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін министрліктің алқа мәжілісінен кейін журналистер министрден Бейжің Олимпиадасы мен қазақстандық спортшылардың дайындығына қатысты жеке пікірін сұрады.
Абаев нақты қорытынды жасау әлі ерте екенін айтты. Себебі Олимпиада аяқталған жоқ. Дегенмен, министрлік Бурабайда көшпелі кеңесті өткізуді жоспарлап қойған.
"Олимпиада аяқталғаннан кейін біз бірден Бурабайда үлкен көшпелі кеңес өткізетін боламыз. Сол жерде нақты қорытындылар жасалады. Қысқы Олимпиаданың нәтижесі бойынша белгілі бір кадрлық шешімдер де болады деп ойлаймын", - деді Абаев журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда аяқталады. 34 қазақстандық спортшы 87 жолдама ұтып алған. Осы уақытқа дейін финалға екеуі ғана шыққан. Бірақ медальды жеңе алмады.
Абзал Әжіғалиев шорт-тректен төртінші орынға ие болды. Ал фристайл-акробатикада Ақмаржан Қалмырзаева іріктеу кезеңінде топ жарып, бірден финалға шықса да, құлап қалған.
Лыжники пробегают мимо олимпийских колец в Пеккине - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Бейжің Олимпиадасы: ел намысын кімдер қорғайды – видео
Жаңалықтар
0