Өңірлер

"Ішінде көлік жарылды": Алматыдағы резиденцияны қалпына келтіруге бола ма

Жазылу
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде президенттің бұрынғы резиденциясы отқа оранды
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстан президентінің іс басқармасы Алматыдағы резиденцияны қалпына келтіруге қатысты ақпарат таратты.
"Бүлікшілер бірінші қабатқа кіргізген автомобиль жарылып, өртенген. Өрт жалыны көкке шарпып, жоғары қабаттардағы темір құрылымдарды ерітіп жіберді. Тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйеге зиян келген. Ең қауіптісі сол, екінші қабаттағы тіреуіш құрылым бұзылды. Бұл факт ғимараттың одан әрі қолданылуына күмән тудырады", - делінген ресми хабарламада.
© Photo : пресс-служба Управления Делами Президента Республики Казахстан

Бүлік кезінде ғимараттың бірінші қабатында көлік өртеніп жарылды

Бүлік кезінде ғимараттың бірінші қабатында көлік өртеніп жарылды - Sputnik Қазақстан
1/4

Бүлік кезінде ғимараттың бірінші қабатында көлік өртеніп жарылды

© Photo : Пресс-служба Управления Делами Президента Республики Казахстан

Тарихи ғимараттағы өрт салдары

Тарихи ғимараттағы өрт салдары - Sputnik Қазақстан
2/4

Тарихи ғимараттағы өрт салдары

© Photo : Пресс-служба Управления Делами Президента Республики Казахстан

Мамандар ғимаратты мұқият заерттеп жатыр

Мамандар ғимаратты мұқият заерттеп жатыр - Sputnik Қазақстан
3/4

Мамандар ғимаратты мұқият заерттеп жатыр

© Photo : Пресс-служба Управления Делами Президента Республики Казахстан

Сарапшылар қарап тексеріп болған соң қалпына келтіру мәселесі көтерілді

Сарапшылар қарап тексеріп болған соң қалпына келтіру мәселесі көтерілді - Sputnik Қазақстан
4/4

Сарапшылар қарап тексеріп болған соң қалпына келтіру мәселесі көтерілді

Қазіргі кезде қазақстандық құрылымдау және даму көпбейінді институты бүлінген нысанға техникалық тексеру жүргізіп жатыр. Институт сарапшылары қауіпсіздік пен жер сілкінісіне төтеп беруге арналған тіреуіш құрылымын ауыстыруға болатынын анықтады. Бүгінде бірнеше компания қалпына келтіру жұмысын тегін жасап беруге дайын.
"Мемлекет басшысы қалада болған кезде оның қатысуымен өтетін іс-шараларға Алматы қаласындағы резиденция ғана сай келеді. Осыған байланысты ғимараттың қызмет бағытын өзгерту мәселесі қарастырылмайды. Президенттің Алматы қаласындағы резиденциясы мемлекеттік ресми іс-шараларды өткізуге лайықталып, арнайы жоспарланған. Оның ішінде кішігірім кабинеттер мен үлкен зал алаңдары бар", - дейді басқарма мамандары.
Осылайша, резиденцияның ғимараты тарих пен мәдениеттің республикалық маңызы бар ескерткіші болып қала береді.
Ресми мәліметке сәйкес, "Интегра constraction kz" ЖШС қоршауды қалпына келтіріп, тазалау мен жинау жұмыстарын атқарып жатыр. Ал Inter Art Etudes француз компаниясы ғимаратты қалпына келтіру мәселелері бойынша тегін кеңес беруге ұсыныс жасады.
Бұдан бөлек, "Олимпос" ЖШС, "GSI Service" ЖШС, "ПФ "Электросервис" ЖШС, "ЛифтИнвест" ЖШС, "AVC Инжиниринг" ЖШС, "Schneider Electric" ЖШС, "GSI Kazakhstan" ЖШС, "Spector Security" ЖШС, "Арабикс" ЖШС инженерлік құрал-жабдықты тексеруде тегін көмек көрсетті. Қазіргі кезде резиденцияда жарылыс пен бүліктің салдарын жою жұмыстары аяқталып келеді. Қалпына келтіру жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталады деген жоспар бар.
Айта кетері, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде президенттің бұрынғы резиденциясы отқа оранды. Бүлікшілер алдымен есік-терезені сындырған. Аулада тұрған көліктерді өртеп жіберген.
Президенттің резиденциясы астанаға ауысқаннан кейін ғимаратта ешкім отырмаған. Бұл нысан тарихи-мәдени есткерткіш болып саналады.
Жаңалықтар
0