https://sputnik.kz/20220216/almaty-qaru-zharaq-dukeni-22827276.html
"Бізді мәжбүрледі": күдіктілер Алматыда қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтты
"Бізді мәжбүрледі": күдіктілер Алматыда қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтты
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер қалаға басқа өңірлерден келген 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T08:49+0500
2022-02-16T08:49+0500
2022-02-16T08:49+0500
қоғам
алматы
қару-жарақ
дүкен
тонаушылар
https://sputnik.kz/img/500/39/5003991_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_ad2587ba7b8ee0ac2ce36aa5f5342a4b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Үш жігіт Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқанын мойындады. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің видеосын жариялады.22-24 жастағы ұсталған азаматтарға "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонады дегеп айып тағылып отыр. Олардан бес тегіс ұңғылы қару тәркіленді.Екі жігіт – Алматы облысының тұрғындары, тағы біреуі – Жамбыл облысында тұрады, бұрын сотталған.Екі күдікті Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында арнайы операция барысында ұсталды. Тағы бір фигурант Алматыда Достық даңғылындағы сауда үйінің алдында қолға түсті.Ұсталғандар бірауыздан қару-жарақ дүкенін белгісіз біреулердің пәрменімен тонағанын мәлімдеп отыр."Бір кісі мылтықпен көлігіме отырып, Шаляпин мен Саин көшелеріне баруды бұйырды. Мен бардым. Тонағаннан кейін әлгі адам жоғалып кетті. Кім екенін, қайда кеткенін білмеймін", - деп мәлімдеді күдікті."Адам көп болды. Ұрланған қаруды тығып тастадым", - деді екінші күдікті.Анықталғандай, ұсталғандар қалаға басқа өңірлерден келген. Алматыда тұрақты жұмыстары жоқ.
https://sputnik.kz/20220215/advokat-almaty-terrorister-22816648.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/500/39/5003991_103:0:1810:1280_1920x0_80_0_0_578c57f94e0106892f90880aac48a45b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қару-жарақ, дүкен, тонаушылар
алматы, қару-жарақ, дүкен, тонаушылар
"Бізді мәжбүрледі": күдіктілер Алматыда қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтты
Күдіктілер қалаға басқа өңірлерден келген
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Үш жігіт Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқанын мойындады. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің видеосын жариялады.
22-24 жастағы ұсталған азаматтарға "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонады дегеп айып тағылып отыр. Олардан бес тегіс ұңғылы қару тәркіленді.
Екі жігіт – Алматы облысының тұрғындары, тағы біреуі – Жамбыл облысында тұрады, бұрын сотталған.
Екі күдікті Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында арнайы операция барысында ұсталды. Тағы бір фигурант Алматыда Достық даңғылындағы сауда үйінің алдында қолға түсті.
Ұсталғандар бірауыздан қару-жарақ дүкенін белгісіз біреулердің пәрменімен тонағанын мәлімдеп отыр.
"Бір кісі мылтықпен көлігіме отырып, Шаляпин мен Саин көшелеріне баруды бұйырды. Мен бардым. Тонағаннан кейін әлгі адам жоғалып кетті. Кім екенін, қайда кеткенін білмеймін", - деп мәлімдеді күдікті.
"Адам көп болды. Ұрланған қаруды тығып тастадым", - деді екінші күдікті.
Анықталғандай, ұсталғандар қалаға басқа өңірлерден келген. Алматыда тұрақты жұмыстары жоқ.