Дерекқор

Зімбір адам ағзасына қалай әсер етеді

© Photo : СС0 / CouleurИмбирь
Имбирь - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
Зімбірдің құрамында витамин, минерал және эфир майлары бар. Ең танымал қасиеттерінің бірі - тағамнан улану, жүрек айнуы және құсу кезіндегі көмегі. Бұл өсімдіктің тағы қандай пайдасы бар екені туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Зімбір – ертеден келе жатқан пайдалы өсімдік

Зімбір – қамысқа ұқсайтын көпжылдық шөптесін өсімдіктің тамыры. Ол зімбір тұқымдастарға жатады. Бұл топқа сондай-ақ куркума, кардамон және галангал сияқты басқа да дәмдеуіштер дайындалатын өсімдіктер кіреді. Зімбір - ең ежелгі хош иісті өсімдіктердің бірі. Оңтүстік-Шығыс Азияның тұрғындары оны бірнеше мыңжылдық бұрын өсіре бастады.
Ежелгі қытай, үнді және парсы трактаттарында зімбірдің сергітетін, ыстықты басатын және тазалайтын қасиеті туралы жазылған. Зімбір көбінесе жетіле өскен тамыр, кептірілген ұнтақ, маринадталған немесе қант себілген кесек түрінде сатылады. Сонымен қатар зімбір майы немесе тамырдан алынған сығындысы да кездеседі.
Зімбір тамырының ауыз қуыратын әрі аздап ащы хош иісі оның құрамында, негізінен, тамыр бөлігінде шоғырланатын эфир майының болуына байланысты. Зімбірдің негізгі компоненттері деп мыналарды атауға болады: цингиберен - 70% дейін, крахмал - 4%, гингерол - 1,5%, камфен, линалол, гингерин, фелландрен, бисаболен, борнеол, цитрал, цинол, қант және май. Зімбірдің құрамында С, В1, В2, А витаминдері, микро және макроэлементтер (мырыш, натрий, калий, темір, магний тұздары, фосфор, кальций) және алмастырылмайтын амин қышқылдары: валин, лейцин, метионин, треонин, триптофан және фениланин бар.

Зімбір жегенде ағзада қандай өзгеріс болады

Зімбірді суық тию кезінде жиі қолданатыны белгілі. Бұл өсімдік бойды жылытып, денеден көптеп тер шығуына әсер етеді. Бір кесе зімбір шайы толыққанды ем болмағанмен, бой жылытып, ауру белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Зімбір негізінен эстрогенге бай өнім. Эстроген – зат алмасу процестеріне қатысады және көңіл-күйдің тұрақтылығына жауап беретін гормон.
Сонымен қатар, дәрігерлердің айтуынша, зімбір ас қорыту жүйесіне де пайдалы. Оның хош иісі іш кебу кезінде көмектесетіні дәлелденген. Зімбір сондай-ақ ұйқы безі ферменттерінің түзілуіне ықпал етіп, ас қорытуды жақсартады және зат алмасуды жеделдетеді. Сонымен бірге зімбір жүрек айнуын, соның ішінде жүктілік немесе химиотерапия кезінде пайда болатын жүрек айнуын басудың тиімді құрал болып табылады. Зімбір тамыры есте сақтау қабілетіне оң әсер етіп, теріні жақсартуға және безеуді азайтуға көмектеседі.
Бұл көпжылдық өсімдіктің хош иісі дене салмағын қалыпқа келтіруге де септігін тигізеді. Зімбірдің құрамында гингерол, яғни тамырға ащы дәм беретін фенолды қосылыс бар. Ол қабынуға қарсы күшті қасиетімен белгілі. Дәстүрлі медицинада зімбір буын ауруларын, артрит және артрозды емдеу үшін қолданылады.
Гингерол сонымен қатар бактерияға қарсы тиімді құрал болып саналады. Ғалымдар зімбір ауыз қуысын пародонтоз және басқа да қызылиек ауруларын тудыратын бактериялардың бірнеше түрінен тиімді қорғайтынын дәлелдеді. Жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер етеді: ол қанды сұйылтады, қан қысымын төмендетеді және жүректі ишемиялық аурудан қорғайды.
Зімбір өте пайдалы екеніне қарамастан, денсаулық үшін зиян болуы да мүмкін. Өсімдіктің ащы болуына байланысты асқазан, ішек, бауыр және өт қабы ауруы бар адамдар оны аса сақтықпен қолдануы керек. Сондай-ақ, жүрек-қан тамыры аурулары барларға зімбірден бас тартқан абзал. Өйткені бұл өсімдік қан ағымын арттырады, қанның тамырлар мен артериялардан өту көрсеткішін төмендетеді. Ал бұл фактор өз кезегінде адам денсаулығының нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін.

Аспаздық саласында зімбір қолдану

Зімбір, көбінесе, дәмдеуіш ретінде қолданылады. Сондай-ақ оның тамырынан тосап қайнатып, оны сорпаға қосады, жаңа піскен немесе маринадталған күйде жейді. Зімбірді кондитерлік өнімдерге, тәтті тағамдарға және сусындарға да қосады. Сонымен қатар кәмпит, тосап, печенье, кекс, бисквит, компот, пудинг, сыра, ликер құрамында да зімбір кездеседі.
Азия елдерінде зімбірді ет, құс еті, балық және теңіз өнімдерінен жасалған пресервалар мен тағамдарға қосады. Ол хош иіс беретін өнім түрінде кейбір шайларды дайындау барысында да қолданылады. Сарымсақпен қатар ол елдің барлық дерлік аймағында қытай асханасының негізгі дәстүрлі дәмдеуіштерінің бірі болып саналады. Тәтті сірке суында маринадталған жас имбирь - гариді - суши мен роллға арналған дәмдеуіш ретінде қолданады.

Зімбір шайы

Бір порция үшін:
1.
1 шай қасық үгітілген зімбір;
2.
1 стақан су;
3.
дәміне қарай бал, қант, лимон.
Дайындау әдісі: кішкене кастрюльге немесе туркаға су жылытып, оған зімбір, үгітілген лимон қабығын салыңыз. Суды қайнатып, оны оттан түсіріңіз. Дәміне қарай қант, бал және лимон қосып, шыныаяққа құйыңыз. Ыстық түрде ішу керек.
Жаңалықтар
0