Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Шәкен Аймановтың туған күні: режиссер қолданған қандай заттар сақталған – фото

Жазылу
Қалың қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Шәкен Айманов осыдан 108 жыл бұрын 15 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Айманбұлақ ауылында туған
Ауылда туып, биікке ұмтылған Шәкен Аймановтың есімі бүгінде Алматыдағы қазақ фильмінің ордасы – "Қазақфильм " киностудиясына берілген. 1934 жылы іргесі қаланған киностудияға 1984 жылы Шәкен Аймановтың аты берілді.
Режиссердің өмір жолына көз салсақ, Шәкен Аймановтың кәсіби театрға жол тартуына қатысты жазушы Ғабит Мүсіреповтің есімі қатар аталады. Жазушы Шәкен Аймановты қойылымдарда ойнап жүрген кезде байқаған.
Шәкен Айманов 1933 жылдан бастап қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрында жұмыс істеп, жүзден астам рөлді сомдайды. Олардың ішінде Петруччио ("Асауға тұсау"), Хлестаков ("Ревизор"), Қодар ("Қозы Көрпеш — Баян Сұлу") және басқа да көптеген образ бар. Театрда бірнеше спектакль жүз реттен қойылды. Олардың қатарында Александр Островскийдің "Таланттар мен табынушылар", Ғабит Мүсіреповтің "Ақынның қасіреті" бар.
1940 жылы "Ленфильм" режиссері Левин Аймановты Мұхтар Әуезовтің сценарийі бойынша түсіріліп жатқан "Райхан" фильмінде Сәрсеннің рөлін сомдауға шақырады. Бұдан кейін 1942 жылы "Ақ гүл" фильмінде майдангердің, 1946 жылы "Абай өлеңдеріндегі" Шәріптің, 1948 жылы "Алтын мүйізде" Досановтың рөлін сомдайды.
1953 жылы "Жамбыл" фильмі көгілдір экраннан көрсетілді. Аталған туындыда 38 жастағы актер екі бірдей рөлді сомдады. Олар – бозбала мен қазақ халық поэзиясының алып тұлғасы Жамбылдың рөлі.
1954 жылы өзінің "Махаббат туралы поэма" атты режиссерлік туындысын қалың көрерменге ұсынды. Бұдан өзге ұлттық кинематографияның алтын қорына енген оннан астам көркем фильм түсірді. Олар – "Дала қызы", "Махаббат туралы аңыз", "Біз осында тұрамыз", "Біздің сүйікті дәрігер", "Бір ауданда", "Ән шақыруда", "Жол түйісі", "Алдар көсе", "Ата-бабалар мекені", "Тақиялы періште" және т.б. Осылардың ішінде "Тақиялы періште" фильмінің сценарийі өмірден алынған.
Шәкен Айманов ғұмырында 14 фильм түсіріп, 20-дан астам кейіпкердің рөлін сомдаған. Өзі соңғы рет түсірген "Атаманның ақыры" атты фильм көрермен қауымның жылы лебізіне ие болды. 1953-1970 жылдары аралығында Шәкен Айманов ұлттық киностудияның тұрақты жетекшісі және өзі ашқан Қазақстан кинематографистер одағының басшысы болды. Шәкен Айманов 1970 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында 56 жасында көлік қағып қайтыс болды.
Sputnik Қазақстан тілшілері режиссердің туған күнінен орай "Қазақфильм" киностудиясына барып, Шәкен Айманов қолдаған заттарды суретке түсірді. Киноқордағы экспонаттар арасында бірден көзге түсетіні – режиссердің жеке кабинетіндегі заттар. Мұнда Шәкен Айманов "Алдар көсе", "Тақиялы періште" секілді халықтың ыстық ықыласына бөленген фильмдердің сценарийі оқылған.
Жұмыс үстелінде КСРО кино саласындағы мамандардың нөмірі бар. Шәкен Аймановтың шахматты жақсы көргені белгілі. Жұмыс үстелінде де, кітаптар сөресінде де шахмат тақтасы тұр. Бала Шәкеннің қолынан домбыра мен мандолин түспеген деген де дерек бар. Бұл сөзге режиссердің кабинетіндегі екі домбыра мен мандолин дәлел бола алады.
Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.
© Sputnik/Эдуард ГалеевШәкен Айманов атындағы "Қазақфильм "киностудиясындағы режиссердің жұмыс бөлмесі. Киноқор ғимаратында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, музейдегі экспонаттар арнайы залда тұр. Бұл жерден Шәкен Аймановтың музыкалық аспаптары, шахмат тақтасы, телефон мен кітаптарын көруге болады
Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы - Sputnik Қазақстан
1/22
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм "киностудиясындағы режиссердің жұмыс бөлмесі. Киноқор ғимаратында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, музейдегі экспонаттар арнайы залда тұр. Бұл жерден Шәкен Аймановтың музыкалық аспаптары, шахмат тақтасы, телефон мен кітаптарын көруге болады
© Sputnik/Эдуард Галеев"Тақиялы періште" музыкалық комедиясының сценарийі режиссердің жұмыс үстілінде тұр
Тақиялы періште сценарийі - Sputnik Қазақстан
2/22
"Тақиялы періште" музыкалық комедиясының сценарийі режиссердің жұмыс үстілінде тұр
© Sputnik/Эдуард ГалеевРежиссердің жұмыс үстелінен "Атаманның ақыры", "Тақиялы періште" секілді Айманов жұмыс істеген туындылардың сценарийін көруге болады. Сондай-ақ, режиссер қолданған қаламсап пен жұмыс телефоны да осында. Шәкен Аймановтың жеке заттарын музейге режиссердің туыстары өткізген
Шәкен Аймановтың жеке заттары - Sputnik Қазақстан
3/22
Режиссердің жұмыс үстелінен "Атаманның ақыры", "Тақиялы періште" секілді Айманов жұмыс істеген туындылардың сценарийін көруге болады. Сондай-ақ, режиссер қолданған қаламсап пен жұмыс телефоны да осында. Шәкен Аймановтың жеке заттарын музейге режиссердің туыстары өткізген
© Sputnik/Эдуард ГалеевШәкен Аймановтың шахматты жақсы көргені белгілі. Жұмыс үстелінде де, кітаптар сөресінде де шахмат тақтасы тұр
Шәкен Аймановтың шахматы - Sputnik Қазақстан
4/22
Шәкен Аймановтың шахматты жақсы көргені белгілі. Жұмыс үстелінде де, кітаптар сөресінде де шахмат тақтасы тұр
© Sputnik/Эдуард ГалеевШәкен Айманов кабинетіндегі кітап сөресі. Мұнда әртүрлі кітаппен қатар шахмат тақтасы, фотосуреттер сақталған
Шәкен Айманов кабинетіндегі кітап сөресі - Sputnik Қазақстан
5/22
Шәкен Айманов кабинетіндегі кітап сөресі. Мұнда әртүрлі кітаппен қатар шахмат тақтасы, фотосуреттер сақталған
© Sputnik/Эдуард ГалеевШәкен Айманов фотоға түсіруді жақсы көрген. Өзі барған жерін естелікке фотоға түсіріп жүрген
Шәкен Айманов музейі - Sputnik Қазақстан
6/22
Шәкен Айманов фотоға түсіруді жақсы көрген. Өзі барған жерін естелікке фотоға түсіріп жүрген
© Sputnik/Эдуард ГалеевРежиссердің жеке заттары арасында 210-нан астам фотосурет бар, оларды режиссер түрлі өңірге барған кезде түсірген
Шакен Аймановтың жеке суреттері - Sputnik Қазақстан
7/22
Режиссердің жеке заттары арасында 210-нан астам фотосурет бар, оларды режиссер түрлі өңірге барған кезде түсірген
Шәкен Айманов шығармашылықтан бөлек, саясаттан да бейхабар емес еді. 1940 жылдан бастап Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің 4-ші және 7-ші жиналысында депутат болып сайланды. 1947 жылы оған Қазақ ССР Халық әртісі, 1959 жылы КСРО Халық әртісі атағы берілді
Шәкен Айманов марапаттары - Sputnik Қазақстан
8/22
Шәкен Айманов шығармашылықтан бөлек, саясаттан да бейхабар емес еді. 1940 жылдан бастап Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің 4-ші және 7-ші жиналысында депутат болып сайланды. 1947 жылы оған Қазақ ССР Халық әртісі, 1959 жылы КСРО Халық әртісі атағы берілді
© Sputnik/Эдуард ГалеевЕкі мәрте мемлекеттік Қазақ ССР сыйлығы беріліп, "Абай" спектаклінің қойылымына КСРО мемлекеттік сыйлығы табысталды. Бұдан өзге оған 2007 жылы "Экран шебері" атағы табысталды
Шәкен Айманов марапаттары - Sputnik Қазақстан
9/22
Екі мәрте мемлекеттік Қазақ ССР сыйлығы беріліп, "Абай" спектаклінің қойылымына КСРО мемлекеттік сыйлығы табысталды. Бұдан өзге оған 2007 жылы "Экран шебері" атағы табысталды
© Sputnik/Эдуард ГалеевШәкен Аймановтың заттары арасында оттық та бар. "Қазақфильм" киностудиясы қызметкерлерінің айтуынша, қазақстандық саясаткерлер мен танымал адамдар шетелге шыққан кезде Шәкен Аймановқа арнайы әкелген
Шәкен Аймановтың заттары - Sputnik Қазақстан
10/22
Шәкен Аймановтың заттары арасында оттық та бар. "Қазақфильм" киностудиясы қызметкерлерінің айтуынша, қазақстандық саясаткерлер мен танымал адамдар шетелге шыққан кезде Шәкен Аймановқа арнайы әкелген
© Sputnik/Эдуард ГалеевШәкен Аймановтың визит картасы
Шәкен Аймановтың визит картасы - Sputnik Қазақстан
11/22
Шәкен Аймановтың визит картасы
© Sputnik/Эдуард ГалеевКиноқордағы камералар
Киноқордағы камералар - Sputnik Қазақстан
12/22
Киноқордағы камералар
© Sputnik/Эдуард Галеев"Қазақфильм" киностудиясындағы техника, мұнда 1940 жылдардан бергі техниканы кездестіруге болады
Қазақфильм киностудиясы - Sputnik Қазақстан
13/22
"Қазақфильм" киностудиясындағы техника, мұнда 1940 жылдардан бергі техниканы кездестіруге болады
© Sputnik/Эдуард ГалеевҚазіргі кезде кино мен видеоның монтажы компьютер алдында жасалады. Ал бұған дейін монтаж мамандары дәл осындай техникада жұмыс істеген
Қазақфильм монтаж жұмысы - Sputnik Қазақстан
14/22
Қазіргі кезде кино мен видеоның монтажы компьютер алдында жасалады. Ал бұған дейін монтаж мамандары дәл осындай техникада жұмыс істеген
© Sputnik/Эдуард ГалеевШәкен Аймановқа тиесілі заттар: шахмат тақтасы, сағат, фотоаппарат
Шәкен Аймановтың заттары - Sputnik Қазақстан
15/22
Шәкен Аймановқа тиесілі заттар: шахмат тақтасы, сағат, фотоаппарат
© Sputnik/Эдуард Галеев"Қыз Жібек" фильміндегі Қыз Жібек образы
Қыз Жібек фильміндегі Қыз Жібек образы - Sputnik Қазақстан
16/22
"Қыз Жібек" фильміндегі Қыз Жібек образы
© Sputnik/Эдуард Галеев"Қыз Жібек" фильмінің түсірілімінде
Қыз Жібек фильмінің түсірілімінде - Sputnik Қазақстан
17/22
"Қыз Жібек" фильмінің түсірілімінде
© Sputnik/Эдуард Галеев"Қазақ хандығы" фильміндегі хан тағы
Қазақ хандығы фильміндегі хан тағы - Sputnik Қазақстан
18/22
"Қазақ хандығы" фильміндегі хан тағы
© Sputnik/Эдуард Галеев"Томирис" фильміндегі Томиристің костюмі
Томирис фильміндегі Томиристің костюмі - Sputnik Қазақстан
19/22
"Томирис" фильміндегі Томиристің костюмі
© Sputnik/Эдуард ГалеевКиноқор экспонаттары арасында "Қазақфильм" түсірген фильмдерде қолданылған костюмдер мен қару-жарақтар сақталған. Арасында "Біздің сүйікті дәрігер", "Атаманның ақыры", "Аманкелді", "Тақиялы періште" фильмінің афиша да бар
Қазақфильм костюмдері - Sputnik Қазақстан
20/22
Киноқор экспонаттары арасында "Қазақфильм" түсірген фильмдерде қолданылған костюмдер мен қару-жарақтар сақталған. Арасында "Біздің сүйікті дәрігер", "Атаманның ақыры", "Аманкелді", "Тақиялы періште" фильмінің афиша да бар
© Sputnik/Эдуард ГалеевШәкен Аймановтың бәкілері де көп болған. Алайда қай затты кімнің, қашан сыйлағаны туралы нақты ақпарат жоқ
Шәкен Аймановтың заттары - Sputnik Қазақстан
21/22
Шәкен Аймановтың бәкілері де көп болған. Алайда қай затты кімнің, қашан сыйлағаны туралы нақты ақпарат жоқ
© Sputnik/Эдуард Галеев

Киноқордағы заттар арасында "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының кино актерлері" деген альбом бар. Ішінде аңыз актерлердің жас күніндегі фотолары сақталған.

Киноқордағы заттар арасында "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының кино актерлері" деген альбом бар. Ішінде аңыз актерлердің жас күніндегі фотолары сақталған. - Sputnik Қазақстан
22/22

Киноқордағы заттар арасында "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының кино актерлері" деген альбом бар. Ішінде аңыз актерлердің жас күніндегі фотолары сақталған.

Жаңалықтар
0