Әлем

Ресей мен Еуропа қарым-қатынасы реттеле ме

© Sputnik / Тимур БатыршинГазопровод, архивное фото
Газопровод, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
Батыс Украинадағы "әскери агрессияға" қатысты "үрейлі санкциялар" дайындап жатыр. Бірақ оның зардабы Ескі Әлемге де ауыр болмақ. Себебі өрнеркәсіп, сауда, банктерге залал келеді.
Энергетиктер сабырға келуге шақырып отыр: өйткені орнын алмастыруға тырысқанмен, ресейлік газдың баламасы әлі жоқ, деп жазды РИА Новости.
Вашнгтон мен Брюссельдің Мәскеуге дон-айбаты таусылар емес. Олардың қатарында SWIFT жаһандық банкаралық байланыс жүйесінен ажырату, ірі кредит мекемелерінің қаржы нарығына қолжетімділігін бұғатау, Халықаралық валюта қорының қаражатына мораторий жариялау бар. Ұлыбритания мұны заң аясында қарастырып қойды – шиеленіс ұлғайған жағдайда Лондон кез келген тұлға мен компанияға шектеу енгізеді.
Бірақ батыстағы экономистер мұның зардабы ең алдымен Еуроодақтың өзіне тиетінін ескертіп жатыр. Себебі Ресей кез клеген уақытта жеткізілетін газ көлемін қысқарта алады. Ұлыбританиядағы жанармайдың жартынысан көбі Норвегия, Катар мен Ресейден импортталады. Financial Times сауалнамасына қатысқан аналитиктер 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 70 процентке дейін, 2040 жылға қарай 80 процентке дейін ұлғаяды деген болжам айтты. 2050 жылға қарай Солтүстік теңіздегі өндіру ішкі сұраныстың тек 15 процентік қанағаттындыруы ықтимал.
"Энергетика саласындағы тәуелділік үлкен: табиғи газдың 46 проценті Ресейден жеткізіліп отыр. Мұндай жағдайда қандай санкциялар енгізілмек? Сауда және сыртқы экономикалық қызметке байланысты сын-қатерді сақтандыру саласындағы халықаралық компания COFACE мәліметі бойынша, осы себепті Еуроодақ шектеулерін тиімді құрал деуге келмейді", - деп жазылған РИА Новости ақпаратында.
Мұнайда да осы ахуал. Шикізат ағынын шектеудің кез келген әрекеті қайта бейімдеуге (Қытайға қарай бағытталуы мүмкін) алып келетінін атап көрсетті. Бұл өз кезегінде бағаны өсіріп, ол жүк тасымалы нарығына кері әсер етеді. Орталық және Шығыс Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттарын жабдықтайтын Украина құбырларында кідіріс болуы мүмкін. Мәселе тек энергетикада емес. Ресей алюминий (әлемдік нарықтың алты проценті) және мыс (шамамен он процент) өндірушісі болып табылады. Қазір әлемде шикізат дағдарысымен қатар өнеркәсіптік металл тапшылығы туындады. Лондон биржасындағы споттық келісімшарттар қымбаттап жатыр. Трейдерлер тауарды тезірек алу үшін көп қаражат төлеуге дайын.
Мұның барлығы соңғы екі жылдағы логистикалық кідірістер мен коронавирус локдаунының салдары. Негізгі тауар нарығындағы мыс қоры 400 мың тоннадан сәл асып тұр. Бұл бір аптаға да жетпейді. Алюминий де тапшы: энергия тасымалдағыштарға жұмсалатын шығынның өсуіне байланысты Еуропа мен Қытайдағы металлургиялық зауыттар өндіріс көлемін қысқартып жатыр. "Русал" болжамы бойынша, 2022 жылы алюминий тапшылығы 1,6-1,7 миллион тоннаны құрауы мүмкін.
Сонымен қатар Ресей автомобиль өнеркәсібіне қажетті палладийдің шамамен 40 процентін және аэроғарыш өнеркәсібінде қолданылатын титанның үштен бірін жеткізіп отыр. Financial Times басылымының хабарлауынша, жаңа санкциялар енгізілген жағдайда Ресейдегі BP, Total және Shell мұнай алпауыттарының бірлескен кәсіпорындарының жабылуы Еуропа экономикасына тағы бір соққы болуы ықтимал. Мәскеуді халықаралық төлем жүйелерінен ажырату және долларға қолжетімділікті шектеу де жақсылық алып келмейді.
Еуропадағы контрагенттер зардап шегеді. Ал Ресей ЕО үшін көлемі бойынша бесінші экспорт нарығы болып отыр. Ресейдегі заңды тұлғалардың есепшотына бұғаттау енгізілсе, онда банктерге шығын келеді. Ресейдің ЕО кредит институттары алдындағы корпоративтік қарызы шамамен 60 миллиард долларды құрайды. Бұл америкалық қарыздан шамамен төрт есе көп. Осы аталғандардың негізінде Мәскеумен салыстырғанда ЕО кез келген шектеуге нашар дайындалғаны байқалады, деп жазды РИА Новости.
Сторонники оппозиции на баррикаде на улице Институской в Киеве, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Еуропа соғыс қарсаңында тұр ма?
Алайда АҚШ Еуроодаққа сұйылтылған табиғи газ жеткізуді рекордтық көрсеткішке жеткізді. Вашингтон басқа мемлекеттерді еуропалықтарға "газ мәселесінде көмек көрсетуге" шақырды. Осы орайда өмір бойы сұйылтылған табиғи газды импорттаумен келген Жапония Еуропаны көгілдір отынмен жабдықтауға ниет білдірді.
BCS Global Markets компаниясының мұнай және газ жөніндегі аға аналитигі Рональд Смит "Еуропада ресейлік газдың баламасы жоқ екені ащы шындық" деген пікір білдірді. Ал Capital Economics бас экономисі Эндрю Кеннингемнің айтуынша, Ресей мен Украина арасында қақтығыс жағдайында газ бағасы желтоқсандағы деңгейге дейін шарықтауы әбден мүмкін.
Тағы бір мәселе бар: Еуропада сұйылтылған табиғи газ инфрақұрылымы аз. Оны салу ұзақ уақытты және қомақты қаражатты талап етеді, ал сұйытылған газ бұрын құбыр газына балама ретінде қарастырылмаған. Франциядағы Total Energies басшысы Патрик Пуянне қазір газдың тиісті көлемі Ресейдің арқасында қамтылып отырғанын айтты.
Сондықтан Еуропа Мәскеумен диалогты реттеуі керек. Әйтпесе, бұл текетірес тым қымбатқа түсетін жаңа дағдарысқа алып келетін түрі бар.
Жаңалықтар
0