Әлем

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы мәселені ешкімді араластырмай шешетін болды

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуПограничная вышка, архивное фото
Пограничная вышка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
Қазір келіссөздер қарқынды жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері шекара маңындағы мәселені үшінші тараптың қатысуынсыз шешуге келісті. Бұл туралы Қырғызстанның министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
"Садыр Нұрғожаұлы Бейжіңге сапары кезінде Тәжікстан президентімен бірге сыртқы істер министрлеріне шекара бойынша келіссөзді бастауды тапсырғанын айтты. Қазір келіссөздер қарқынды жүріп жатыр. Бұрын олар үзіліп кетті, не болғанын білесіздер. Президенттер бұл мәселені үшінші тарапсыз реттеуге келісті", - деді Ақылбек Жапаров.
Айта кетері, қаңтардың аяғында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы шу шықты. Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, қарапайым адамдар Торт-Кочо аймағына тас тиелген жүк көліктерімен келген.
Тәжікстан азаматтары тасты түсіріп, Баткен – Исфана тасжолын жапқан. Олардың жанында тәжікстандық шекарашылар болған. Екі елдің шекара өкілдері кездескеннен кейін автожол қозғалысы ашылды.
Алайда мәселенің шешілгеніне қарамастан тәжік тарапы шекараның Чыр-Добо деген жерінде Қырғызстанның әскери қызметшілеріне оқ жаудырған. Олар мина атқыш пен граната атқыш қолданған. Тәжікстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, 27 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 17:20-да Баткен облысының Ақсай елді мекенінің елуден астам тұрғыны Ходжаи Аъло елді мекені маңындағы көпірде Тәжікстан азаматының көлігін мәжбүрлі түрде тоқтатты.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, ер адам Тәжікстан аумағы арқылы Ходжаи Аъло елді мекенінен Исфарин ауданының Сомониен ауылына қарай құм тасыған. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась ҰҚШҰ Тәжікстан мен Қырғызстанға жанжалды шешуде қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Артынша жағдайға ел билігі араласып, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада атысты толық тоқтату туралы келісімге келді.
Жаңалықтар
0