Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтардағы бүлікке қатысқан екі көпбалалы ана үйқамаққа жіберілді

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖенщина на скамье подсудимых, архивное фото
Женщина на скамье подсудимых, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
Олар Қызылорда облысының әкімдігіне шабуылдағандар қатарында болған
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қызылордада прокурордың ұсынысы бойынша қаңтардағы бүлік кезінде өртеу, ғимараттарға шабылдауға қатысып, тергеу изоляторына қамалған бір топ адам үйқамаққа жіберілді. Олардың қатарында әкімдікке шабуылдаған екі көпбалалы ана бар.
"Өңірде қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты 72 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде терроризм, кісі өлтіру, бүлікті ұйымдастыру, қару ұрлау, құқық қорғау қызметкерлеріне күш көрсету күдігіне ілінгендер де бар", - деді Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Мақсат Қазиев.
Жасалған қылмыстардың анық-қанығын зертеу үшін істер арнайы прокурорлардың қарауына жіберілді.
"103 тұлға күдікке ілінді. Олардың қылмыстық құқық бұзушылыққа барғандарына қатысты нақты айғақтар бар. 103 тұлғаның 63-і сот санкциясымен қамауға алынды. 40 адамға отбасылық және денсаулық жағдайына байланысты өзге шектеу шаралары қолданылды", - деді ол.
Айтуынша, қазіргі күні процеске қатысушылар тарапынан 111 өтініш қабылданды. Оның 77-сі қанағаттандырылды. Олардың көбі қосымша сараптама жүргізу мен жақын туыстарын заңды өкілі ретінде тағайындау туралы болды.
Жаңалықтар
0