Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Polisia.kzНұр-Сұлтанда қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
28-57 жас аралығындағы елорда тұрғындары ұзақ уақыт бойы героин таратумен айналысқан деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Көлік полицейлері елордаға героин жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлады Polisia.kz.
Көлік полициясының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласында героин таратумен айналысқан қылмыстық топты жойды. Жедел іс-шаралар кезінде 5 есірткі сатушы – елорданың 28-57 жас аралығындағы тұрғындары ұсталды.
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандар уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Тәркіленген героиннің жалпы салмағы шамамен 140 грамм тартады.
Айта кетері, героиннің 1 грамының өзі аса ірі көлемдегі есірткі саналады, оны заңсыз айналымға енгізгендерге мүлікті тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0