https://sputnik.kz/20220215/nur-sultanda-erekshe-qyzmet-turi-payda-boldy-22790283.html
"Не дерімді білмей тұрмын": Нұр-Сұлтанда ерекше қызмет түрі пайда болды
"Не дерімді білмей тұрмын": Нұр-Сұлтанда ерекше қызмет түрі пайда болды
Sputnik Қазақстан
Қоғам белсендісі Айша Құрманғали жастардың осылай намыссыз болуының себебі көп дейді. Соның бірі – Батысқа еліктеу 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T07:59+0500
2022-02-15T07:59+0500
2022-02-15T08:27+0500
жаңа қызмет
тапсырыс
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_98b5e54f01153a206e5ffe6e8f244261.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Елорда да ерекше қызмет түрі пайда болды. 25 жастағы қала тұрғыны қыздарға ақылы қызмет түрлерін ұсынады. 13 мың теңге төлесеңіз кездесуге де келеді."Жігітке тапсырыс қызметі." Желіде қызу талқыланған хабарлама осы болып тұр. Елорда тұрғыны қыздармен кездесуге барып, романтикалық көңіл-күй сыйлап, ұнаған гүл шоқтарын әкеп береді. Бірақ шығынның барлығын өзіңіз төлеуге міндеттісіз. Қасыңызда еріп жүргені үшін оған да ақы беруге дайын болыңыз.Әлеуметтік желіде қызмет ақысы жарияланды. Мәселен сізбен кездескенін қаласаңыз, 13 мың теңге төлеуіңіз керек. Албірге фотоға түсу – 5 мың теңге."Астана" арнасының журналистері қала тұрғынына хабарласып көрген. Телефон тұтқасын көтерген құпия жігіт жұмыстан алып кетуге келіскен, гүлді өзі алатынын айтыпты, тек ақшасын алдын ала төлеу керек екен."Маған алдын ала төлем жасасаңыз, бронь болады. Нақты келемін", - дейді құпия жігіт.25 жастағы қала тұрғыны бойдақ екенін айтты. Тұрақты жұмысы да бар. Анау-мынау емес пәтерді жалға берумен айналысады. Ал "Жігітке тапсырыс қызметін" мерекелерде ғана ұсынатын көрінеді.Қоғам белсендісі Айша Құрманғали мұндай пысықайларды қолдамайды. Оның пайымынша қазіргі уақытта жігіттер ұсақталған. Ал бұл тәрбиенің осалдығы деп отыр.Қоғам белсендісі жастардың осылай намыссыз болуының себебі көп дейді. Бірі жұмыссыздық болса, бірі Батыс елдеріне еліктеп кеткенінде деп болжады.Джентельмен сымақ болса, қызметке дайын екенін айтып хабарлама жіберуін тоқтатар емес.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_1050a7b0220a644d84c757cdc674c7ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа қызмет, тапсырыс
"Не дерімді білмей тұрмын": Нұр-Сұлтанда ерекше қызмет түрі пайда болды
07:59 15.02.2022 (жаңартылды: 08:27 15.02.2022) Қоғам белсендісі Айша Құрманғали жастардың осылай намыссыз болуының себебі көп дейді. Соның бірі – Батысқа еліктеу
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Елорда да ерекше қызмет түрі пайда болды. 25 жастағы қала тұрғыны қыздарға ақылы қызмет түрлерін ұсынады. 13 мың теңге төлесеңіз кездесуге де келеді.
"Жігітке тапсырыс қызметі." Желіде қызу талқыланған хабарлама осы болып тұр. Елорда тұрғыны қыздармен кездесуге барып, романтикалық көңіл-күй сыйлап, ұнаған гүл шоқтарын әкеп береді. Бірақ шығынның барлығын өзіңіз төлеуге міндеттісіз. Қасыңызда еріп жүргені үшін оған да ақы беруге дайын болыңыз.
Әлеуметтік желіде қызмет ақысы жарияланды. Мәселен сізбен кездескенін қаласаңыз, 13 мың теңге төлеуіңіз керек. Албірге фотоға түсу – 5 мың теңге.
Жұмыстан/оқудан жеке алып кету – 10 000 теңге;
Гүл сыйлау– 8000 теңге, гүлдің ақшасы;
Кездесуге бару –13 000 теңге;
Бірлескен фото – 5000 теңге;
Әлеуметтік желідегі сурет салу – 5000 теңге.
"Астана" арнасының журналистері қала тұрғынына хабарласып көрген. Телефон тұтқасын көтерген құпия жігіт жұмыстан алып кетуге келіскен, гүлді өзі алатынын айтыпты, тек ақшасын алдын ала төлеу керек екен.
"Маған алдын ала төлем жасасаңыз, бронь болады. Нақты келемін", - дейді құпия жігіт.
25 жастағы қала тұрғыны бойдақ екенін айтты. Тұрақты жұмысы да бар. Анау-мынау емес пәтерді жалға берумен айналысады. Ал "Жігітке тапсырыс қызметін" мерекелерде ғана ұсынатын көрінеді.
Қоғам белсендісі Айша Құрманғали мұндай пысықайларды қолдамайды. Оның пайымынша қазіргі уақытта жігіттер ұсақталған. Ал бұл тәрбиенің осалдығы деп отыр.
"Жігіттеріміз ұсақталып кетті, оңай жолмен ақша тапқысы келеді, намысының аяққа түскендегі көрінісі ғой. Осылай жарнама беріп ақша табуға қатысты тіпті не дерімді білмей тұрмын", - дейді Айша Құрманғали.
Қоғам белсендісі жастардың осылай намыссыз болуының себебі көп дейді. Бірі жұмыссыздық болса, бірі Батыс елдеріне еліктеп кеткенінде деп болжады.
Джентельмен сымақ болса, қызметке дайын екенін айтып хабарлама жіберуін тоқтатар емес.