https://sputnik.kz/20220215/nur-sultanda-ardagerlerge-1-million-tengeden-beriledi-22804103.html
Нұр-Сұлтанда ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі
Нұр-Сұлтанда ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі
Sputnik Қазақстан
Елордада жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріліп келеді 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T13:16+0500
2022-02-15T13:16+0500
2022-02-15T13:16+0500
елорда тынысы
ұлы отан соғысы
ардагерлер
https://sputnik.kz/img/220/52/2205217_0:272:2677:1777_1920x0_80_0_0_328355299feaaa18d9a691c8586b2d6e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Жеңіс күніне орай астаналық ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі. Қазіргі кезде мәслихат шешімінің жобасы әзірленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге 67 АЕК (205 221 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек беріледі. Оған қоса, биыл қосымша 800 мың теңге беру жоспарланып отыр. Осылайша әрбір ардагерге 1 005 221 теңгеден табысталады.Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары тиісті шешімді мәслихат қабылдайтынын айтты."Нұр-Сұлтанда жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріліп келеді. Биыл да солай болады деп ойлаймыз. Біз тиісті ережені мәслихатқа енгіздік. Енді мәслихат шешім шығаруға тиіс. Наурызда бекітсе, мамырда барлық ақшаны төлеп береміз", - деді басқарма қызметкерлері.Айта кетері, былтыр республикалық маңызы бар қалаларда және облыстарда соғыс ардагерлеріне бір миллион теңгеден берілген болатын.Оқи отырыңыз: 100-ге келген соғыс ардагері Тоқаевқа хат жазды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/220/52/2205217_0:21:2677:2028_1920x0_80_0_0_0f45f75ad52b9d9da53d8a7838a2ffc5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы, ардагерлер
ұлы отан соғысы, ардагерлер
Нұр-Сұлтанда ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі
Елордада жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріліп келеді
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Жеңіс күніне орай астаналық ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі. Қазіргі кезде мәслихат шешімінің жобасы әзірленді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге 67 АЕК (205 221 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек беріледі. Оған қоса, биыл қосымша 800 мың теңге беру жоспарланып отыр. Осылайша әрбір ардагерге 1 005 221 теңгеден табысталады.
Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары тиісті шешімді мәслихат қабылдайтынын айтты.
"Нұр-Сұлтанда жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріліп келеді. Биыл да солай болады деп ойлаймыз. Біз тиісті ережені мәслихатқа енгіздік. Енді мәслихат шешім шығаруға тиіс. Наурызда бекітсе, мамырда барлық ақшаны төлеп береміз", - деді басқарма қызметкерлері.
Айта кетері, былтыр республикалық маңызы бар қалаларда және облыстарда соғыс ардагерлеріне бір миллион теңгеден берілген болатын.