https://sputnik.kz/20220215/ministr-aes-salu--negurlym-perspektivalyq-sheshim-22795700.html
Министр: АЭС салу – неғұрлым перспективалық шешім
Министр: АЭС салу – неғұрлым перспективалық шешім
Sputnik Қазақстан
Әлемде 31 ел атом электр станцияларын пайдаланады. Ал 19 елде 52 реактордың құрылысы жүріп жатыр 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T10:06+0500
2022-02-15T10:06+0500
2022-02-15T10:06+0500
электр энергиясы
министр
https://sputnik.kz/img/973/18/9731889_0:176:3019:1874_1920x0_80_0_0_2af94dcf586ce55e3fa035544af91e6a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, атом энергетикасының тарихы жарты ғасырдан асады және осы кезең ішінде ол энергетиканың дәстүрлі саласына айналып келді.Бүгінде 31 ел атом электр станцияларын пайдаланады. 2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы қуаты шамамен 390 Гвт болатын 439 энергетикалық реактор жұмыс істейді. Ал 19 елде 52 реактордың құрылысы жүріп жатыр. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясының 10%-ін құрайды.Айтуынша, былтыр Үлбі металлургия зауытында Қытайдың атом электр станциялары үшін ядролық отын шығаратын зауыт іске қосылды. Ядролық отынның белсенді өндірісі басталды."Өндірістік қуаттардың тозуын, электр энергиясының алдағы тапшылығы мен көмір генерациясына тәуелділікті төмендету қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстанның атом энергетикасын дамытудағы әлеуетін ескеріп, елімізде АЭС салу неғұрлым перспективалық шешім болады деп пайымдаймыз", - деп мәлімдеді министр.Қазіргі таңда 2035 жылға дейінгі елдің энергетикалық балансы әзірленді. Оған сәйкес экономиканың өсу қарқыны мен халық санының артуына байланысты электр энергиясын тұтыну көлемі 153 миллиард кВт/сағ деңгейінде болжанып отыр.Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр станцияларының генерациясы 2020 жылғы 108 миллиард кВт/сағаттан 2035 жылы 88,6 миллиард кВт/сағатқа дейін кезең-кезеңімен төмендеуі байқалады.Осыған байланысты, Ақшолақовтың айтуынша, 17,5 ГВт электр қуатын енгізуді көздейтін "АЭС-пен жасыл" сценарийін белгілеу ұсынылуда. Бұл сценарий жасыл энергия көздеріне, газ және атом генерациясына баса назар аударады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/973/18/9731889_143:0:2874:2048_1920x0_80_0_0_4c3afcc94b77b8c1b69df2fdc54e50ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы, министр
электр энергиясы, министр
Министр: АЭС салу – неғұрлым перспективалық шешім
Әлемде 31 ел атом электр станцияларын пайдаланады. Ал 19 елде 52 реактордың құрылысы жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, атом энергетикасының тарихы жарты ғасырдан асады және осы кезең ішінде ол энергетиканың дәстүрлі саласына айналып келді.
Бүгінде 31 ел атом электр станцияларын пайдаланады. 2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы қуаты шамамен 390 Гвт болатын 439 энергетикалық реактор жұмыс істейді. Ал 19 елде 52 реактордың құрылысы жүріп жатыр. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясының 10%-ін құрайды.
"Атом энергетикасын дамыту үшін Қазақстанның әлеуеті жеткілікті. Біздің еліміз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Елімізде ядролық отын компоненттері өндірісі бар, сондай-ақ уранды изотопты байыту қызметтері де қолжетімді", - деді Ақшолақов үкімет отырысында.
Айтуынша, былтыр Үлбі металлургия зауытында Қытайдың атом электр станциялары үшін ядролық отын шығаратын зауыт іске қосылды. Ядролық отынның белсенді өндірісі басталды.
"Өндірістік қуаттардың тозуын, электр энергиясының алдағы тапшылығы мен көмір генерациясына тәуелділікті төмендету қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстанның атом энергетикасын дамытудағы әлеуетін ескеріп, елімізде АЭС салу неғұрлым перспективалық шешім болады деп пайымдаймыз", - деп мәлімдеді министр.
Қазіргі таңда 2035 жылға дейінгі елдің энергетикалық балансы әзірленді. Оған сәйкес экономиканың өсу қарқыны мен халық санының артуына байланысты электр энергиясын тұтыну көлемі 153 миллиард кВт/сағ деңгейінде болжанып отыр.
Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр станцияларының генерациясы 2020 жылғы 108 миллиард кВт/сағаттан 2035 жылы 88,6 миллиард кВт/сағатқа дейін кезең-кезеңімен төмендеуі байқалады.
Осыған байланысты, Ақшолақовтың айтуынша, 17,5 ГВт электр қуатын енгізуді көздейтін "АЭС-пен жасыл" сценарийін белгілеу ұсынылуда. Бұл сценарий жасыл энергия көздеріне, газ және атом генерациясына баса назар аударады.