https://sputnik.kz/20220215/maynerlerge-salynatyn-salyq-10-ese-osui-mumkin-22791209.html
Майнерлерге салынатын салық 10 есе өсуі мүмкін
Майнерлерге салынатын салық 10 есе өсуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Цифрлық майнингке 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салына бастады 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T08:44+0500
2022-02-15T08:44+0500
2022-02-15T08:45+0500
экономика
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/446/71/4467118_16:0:3657:2048_1920x0_80_0_0_c7c21d90b70c818e9f72295e930a25e2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанда цифрлық майнингке тұтынылған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 10 теңге салық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ведомство майнингке салықты бірнеше есе ұлғайту бойынша тиісті тәсілдерді пысықтап жатыр.Бұл ретте майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан тұтынады. Мұның басты себебі – тарифтің тартымдылығы, деп мәлімдеді Қуантыров.Осыған байланысты министрлік тұтынған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына салық ставкасын 1 теңгеден 10 теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр.Сондай-ақ майнингтік фермалар үшін неғұрлым жоғары тарифтер белгілеу үшін оларды энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобына бөлу жоспарлануда.Айта кетері, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнингке салық салына бастады. Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін майнингтік фермалар тұтынған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 1 теңгеден төлейді.
https://sputnik.kz/20220101/qazaqstan-eki-salyq-19035357.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/446/71/4467118_471:0:3202:2048_1920x0_80_0_0_8c02321c2e575987cf6cfc83de8b0056.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Майнерлерге салынатын салық 10 есе өсуі мүмкін
08:44 15.02.2022 (жаңартылды: 08:45 15.02.2022) Цифрлық майнингке 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салына бастады
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанда цифрлық майнингке тұтынылған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 10 теңге салық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ведомство майнингке салықты бірнеше есе ұлғайту бойынша тиісті тәсілдерді пысықтап жатыр.
"Бүгінгі таңда шамамен 640 МВт электр қуатын ресми тіркелген майнингтік компаниялар тұтынады. Сонымен қатар "көлеңкелі" майнингті тұтыну ресми тіркеуді талап етеді", - деді министр үкімет отырысында.
Бұл ретте майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан тұтынады. Мұның басты себебі – тарифтің тартымдылығы, деп мәлімдеді Қуантыров.
Осыған байланысты министрлік тұтынған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына салық ставкасын 1 теңгеден 10 теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр.
Сондай-ақ майнингтік фермалар үшін неғұрлым жоғары тарифтер белгілеу үшін оларды энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобына бөлу жоспарлануда.
Айта кетері, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнингке салық салына бастады. Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін майнингтік фермалар тұтынған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 1 теңгеден төлейді.