https://sputnik.kz/20220215/mangystau-akimi-eruildeushiler-22821546.html
"Мәселелер шешіледі": Маңғыстау әкімі ереуілдеушілерге үндеу жолдады
"Мәселелер шешіледі": Маңғыстау әкімі ереуілдеушілерге үндеу жолдады
Sputnik Қазақстан
Жаңаөзен қаласында азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T18:57+0500
2022-02-15T18:57+0500
2022-02-15T19:22+0500
өңірлер
маңғыстау облысы
ереуіл
https://sputnik.kz/img/354/92/3549215_0:0:1600:901_1920x0_80_0_0_f32504ed9077bd2c5aaf165bdfa4b604.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Соңғы кездері Маңғыстау облысында еңбек дауларына қатысты мәселе ушығып тұр. Бірі жұмысшыларды қысқартуларға қатысты наразылық білдірсе, енді біреулері жалақыны көтеруді талап етуде. Осыған байланысты Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарға үндеу жолдады. "Соңғы күндері Жаңаөзен қаласындағы бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Жұмысшылардың бір бөлігі жұмыс берушілерге жалақыны көтеру мәселесін қойып отыр. Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласында "Қазмұнайгаз" компаниясының басшысы Алик Айдарбаев жұмыс істеп жатыр. Ол еңбек ұжымдарымен кездесіп, қалыптасқан жағдайды және оларды шешу жөніндегі қолға алынып жатқан шараларды түсіндіруде", - деді әкім.Айтуынша, Жаңаөзен қаласында жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша осымен екінші апта қатарынан облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев бастаған арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл сұрақтарда алға ілгерілеушілік бар."Мен барлығын жақсы түсінемін. Проблемалар бар. Оларды шешу үшін біз барлық мүдделі тараптармен жүйелі түрде жұмыс істеуіміз керек. Қанша қаласақ та өңірдің барлық тұрғындарын бір мезетте мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру мүмкін емес. Бірақ біз шағын және орта бизнес кәсіпорындарында, басқа да мемлекеттік және басқа кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын құрып, өңір экономикасын әртараптандыруға тиіспіз. Халықтың және елдің амандығы үшін баршаңызды сабыр сақтауға және түсіністік танытуға шақырамын. Көтерілген мәселелер шешіледі. Бірақ бірден емес. Ол үшін уақыт қажет", - деді Ноғаев.Әкімнің сөзінше, қысқа мерзімде "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамы Жаңаөзен қаласының 150 жұмыссыз азаматын жұмысқа орналастыру керек. Тағы 150 тұрғынды сервистік мекемелерге жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.Маңғыстау облысының әкімдігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшылығымен, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр."Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласындағы шағын және орта бизнес субъектілері қосымша тағы 50 жаңа жұмыс орнын ашады. Осылайша, арнайы әзірленген алгоритм негізінде Жаңаөзен қаласының жұмыссыз азаматтары кезек-кезегімен жұмысқа орналастырылатын болады. Бұл – уақыттың еншісіндегі мәселе", - деді әкім.Маңғыстаудағы наразылықтар20 қаңтарда Жаңаөзендегі "Бұрғылау" ЖШС бұрғылау компаниясының 100-ге жуық қызметкері Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Өз үндеуінде олар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005-2006 жылдардағы тапсырмасына қарсы шықты. Ол кезде ірі сервистік компаниялар жеке қолға өткен болатын."Олар міндеттемелерін тиісті атқармады. Әлеуметтік мәселе, еңбекақы төлеу мәселелеріне байланысты қарапайым жұмысшылар соңғы қадамға баруға мәжбүр болды. Бұған 2009, 2016 жылдардағы митингілер дәлел. Біз жұмыс берушімен қайта-қайта еңбек дауын жасауға шаршадық", - дейді жұмысшылар.31 қаңтарда Маңғыстау облысының мұнайшылары еңбек дауына қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады."Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС жұмысшылары президенттен қысқартуға қатысты мәселені шешуді сұрады.Олардың сөзінше компанияда жаппай қысқарту жүргізіліп жатыр."Бізді күштеп 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан шығарды. Жұмысқа қайта қабылдауға уәде берілген. Амалсыздан бұл шартқа көндік. Алайда олар сөздерінде тұрмады", - дейді жұмысшылар видеода.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/92/3549215_75:0:1495:1065_1920x0_80_0_0_4210fdcdeb0c7fbf68b7c52f72047f70.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, ереуіл
"Мәселелер шешіледі": Маңғыстау әкімі ереуілдеушілерге үндеу жолдады
18:57 15.02.2022 (жаңартылды: 19:22 15.02.2022) Жаңаөзен қаласында азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Соңғы кездері Маңғыстау облысында еңбек дауларына қатысты мәселе ушығып тұр. Бірі жұмысшыларды қысқартуларға қатысты наразылық білдірсе, енді біреулері жалақыны көтеруді талап етуде.
Осыған байланысты Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарға үндеу жолдады.
"Соңғы күндері Жаңаөзен қаласындағы бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Жұмысшылардың бір бөлігі жұмыс берушілерге жалақыны көтеру мәселесін қойып отыр. Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласында "Қазмұнайгаз" компаниясының басшысы Алик Айдарбаев жұмыс істеп жатыр. Ол еңбек ұжымдарымен кездесіп, қалыптасқан жағдайды және оларды шешу жөніндегі қолға алынып жатқан шараларды түсіндіруде", - деді әкім.
Айтуынша, Жаңаөзен қаласында жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша осымен екінші апта қатарынан облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев бастаған арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл сұрақтарда алға ілгерілеушілік бар.
"Мен барлығын жақсы түсінемін. Проблемалар бар. Оларды шешу үшін біз барлық мүдделі тараптармен жүйелі түрде жұмыс істеуіміз керек. Қанша қаласақ та өңірдің барлық тұрғындарын бір мезетте мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру мүмкін емес. Бірақ біз шағын және орта бизнес кәсіпорындарында, басқа да мемлекеттік және басқа кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын құрып, өңір экономикасын әртараптандыруға тиіспіз. Халықтың және елдің амандығы үшін баршаңызды сабыр сақтауға және түсіністік танытуға шақырамын. Көтерілген мәселелер шешіледі. Бірақ бірден емес. Ол үшін уақыт қажет", - деді Ноғаев.
Әкімнің сөзінше, қысқа мерзімде "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамы Жаңаөзен қаласының 150 жұмыссыз азаматын жұмысқа орналастыру керек. Тағы 150 тұрғынды сервистік мекемелерге жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.
Маңғыстау облысының әкімдігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшылығымен, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр.
"Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласындағы шағын және орта бизнес субъектілері қосымша тағы 50 жаңа жұмыс орнын ашады. Осылайша, арнайы әзірленген алгоритм негізінде Жаңаөзен қаласының жұмыссыз азаматтары кезек-кезегімен жұмысқа орналастырылатын болады. Бұл – уақыттың еншісіндегі мәселе", - деді әкім.
Маңғыстаудағы наразылықтар
20 қаңтарда Жаңаөзендегі "Бұрғылау" ЖШС бұрғылау компаниясының 100-ге жуық қызметкері Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу
жолдады. Өз үндеуінде олар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005-2006 жылдардағы тапсырмасына қарсы шықты. Ол кезде ірі сервистік компаниялар жеке қолға өткен болатын.
"Олар міндеттемелерін тиісті атқармады. Әлеуметтік мәселе, еңбекақы төлеу мәселелеріне байланысты қарапайым жұмысшылар соңғы қадамға баруға мәжбүр болды. Бұған 2009, 2016 жылдардағы митингілер дәлел. Біз жұмыс берушімен қайта-қайта еңбек дауын жасауға шаршадық", - дейді жұмысшылар.
31 қаңтарда Маңғыстау облысының мұнайшылары еңбек дауына қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу
жолдады.
"Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС жұмысшылары президенттен қысқартуға қатысты мәселені шешуді сұрады.
Олардың сөзінше компанияда жаппай қысқарту жүргізіліп жатыр.
"Бізді күштеп 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан шығарды. Жұмысқа қайта қабылдауға уәде берілген. Амалсыздан бұл шартқа көндік. Алайда олар сөздерінде тұрмады", - дейді жұмысшылар видеода.