Қоғам

"Көктөбе" телемұнарасына қарулы шабуыл ұйымдастырушы ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинВечерний Алматы
Вечерний Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
Қылмыскерлер бейбіт азаматтарды "Көктөбені" басып алуға көндіруге тырысқан, бұл әрекеттен бас тартқан адамға екі рет оқ атқан
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Алматыда 6 қаңтарда қылмыскерлер "Көктебе" телемұнарасын басып алмақ болған. Олар сол жерден телеэфир ұйымдастыруды көздеген, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Олар өз жоспарын іске асыру үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға көндіре бастаған. 1992 жылы туған азамат мұндай әрекеттен бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, салдарынан жәбірленуші қолы және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған.
Қылмыс ұйымдастырушысы ұсталды. Ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңындағы елді мекен тұрғыны болып шықты.
Қылмысқа қатысы куәгерлердің түсініктемелері арқылы дәлелденгені хабарланып отыр. Күдікті 25 қаңтарда сот санкциясымен қамауға алынды.
Пограничники не допустили захвата стратегически значимых объектов Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Қоғам
Шекарашылар "Көктөбені" қалай қорғап қалды
Жаңалықтар
0