Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Камила Валиева төңірегіндегі дау қалай өрбіп жатыр

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуОлимпиада-2022. Фигурное катание. Командный турнир
Олимпиада-2022. Фигурное катание. Командный турнир - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
Бүгін 15 жастағы ресейлік жас спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада жеке жарысқа қатысады
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Халықаралық Олимпиада комитеті ресейлік спортшы Камила Валиева медаль жеңіп алатын болса, марапаттау салтанаты болмайтыны туралы ескертті, деп жазды РИА Новости колумнисі.
Жасы он алтыға толмаған жас қызды Олимпиада жүлделерінің табысталмауына жауапты ету қаншалықты әдепке сай екенін ысыра тұрсақ, Халықаралық Олимпиада комитетінің мұндай ескертуінен Валиеваға "жарыста жеңіске жетуге бар күшіңді салма" деген астыртын мәнді байқауға болады.
Бәзбіреулер бүгінгі Ресейді Олимпиада ойындарынан шеттетуді көздеген болса, онда бұл жоспар кеше жүзеге аспады және ертең аяқталуы да екіталай.
Российский тренер Этери Тутберидзе на тренировке перед соревнованиями в финале Гран-при по фигурному катанию сезона 2019-2020 в Турине - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Тутберидзе ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Валиеваға қатысты пікір білдірді
"Осыдан 46 жыл бұрын Людмила Пахомова мен Александр Горшков мұз бетінде мінсіз би көрсеткеннен кейін Халықаралық Олимпиада комитеті бұл жарыс түрін 1976 жылы Австрияның Инсбурк қаласында өтетін Олимпиада ойындарына енгізді. Кеңестік жұп мұз бетінде өз шеберлігін көрсетіп қана қоймай, алдағы көп жыл бойы кеңестік мәнерлеп сырғанау мектебі осы жарыс түрінен чемпиондарды даярлайтынын айқындай түсті", - деп жазды мақала авторы.
Сондықтан ұзақ жылдар бойы мәнерлеп сырғанау осы деңгейге жететін спорт түрі ретінде қабылданып келді. Спорттың кез келген түрі секілді мәнерлеп сырғанау да сағаттап жаттығуды, табандылық пен ерік-жігерді талап етеді. Өйткені бұл жарыс күрделі әрі қауіпті екені ешкімге жасырын емес.
Батыстағы БАҚ "орыстар дайындалып жатқан жүйе тым қатаң әрі жеке бас ерекшелігін ескермейді" деп жазды. Алайда орыс балетіне қатысты да дәл осындай сын айтылған болатын. Григорович "бишілердің дайындық марафонына деген көңіл-күй мен жағдайын ескерместен, диктатор ретінде жетекшілік етіп отыр" деген пікір жазылды.
Российская фигуристка Камила Валиева на Олимпиаде в Пекине-2022 - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Спорт
Спорт арбитраж соты ресейлік спортшыға қатысты шешім шығарды
"Ресей тыйым салынған препараттарды қабылдауға жол бермейді. Сол сияқты, спортшылар "ішкі жандүние тепе-теңдігінің бұзылуы және проблемалары" туралы дүйім жұрт алдында мәлімдеме жасамайды. Себебі өзіңді халық алдында аянышты етіп көрсету – Олимпиада чемпиондарына лайық әрекет емес", - деп жазды колумнист.
Соңғы күндері Камила Валиева төңірегіндегі бірқатар іс-әрекет жасалып жатыр. Сондықтан бүгін Валиева мұз алаңына шыққан кезде бүкіл Ресей онымен бірге болатыны анық. Жас спортшыға халық көрсететіні белгілі. Сондықтан қысым көрсету әрекеті сағын сындырған жоқ, керісінше, азаматтарды біріктіре түсті. Қалай болғанда да, қазірдің өзінде-ақ басты жеңіс қысымға төтеп берген Валиеваның қолында тұр, деп түйіндеді колумнист.
Жаңалықтар
0