Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Бейжің Олимпиадасы: президент Әжіғалиевке жеделхат жолдады

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHЗимние Олимпийские игры Пхенчхан 2018 года - Церемония открытия - Абзал Ажгалиев из Казахстана несет национальный флаг
Зимние Олимпийские игры Пхенчхан 2018 года - Церемония открытия - Абзал Ажгалиев из Казахстана несет национальный флаг - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
Тоқаев спортшыға дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Қазақстандықтар өзіңнің "Бейжің-2022" XXIV қысқы Олимпиада ойындарында көрсеткен өнеріңді асқан қызығушылықпен тамашалады. Олимпиаданың ашылу салтанатында көк туды желбіретіп алып шықтың. Өз жанкүйерлеріңнің сенімін ақтап, шорт-тректен 500 метрге жүгіруде финалдық бәсекеге дейін жетіп, нәтижесінде 4-орын иелендің. Бұл осы спорт саласы бойынша жоғары көрсеткіш екені анық", – делінген мемлекет басшысының жеделхатында.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ оның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, отандастарымызды қуанта беретініне сенім білдірді.
АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Абзал Әжіғалиев үздік төрттікке енді
Жаңалықтар
0