https://sputnik.kz/20220215/avtozauyttar-ashyq-esik-kunderin-otkizedi-22805037.html
Президент тапсырмасы: автозауыттар ашық есік күндерін өткізеді
Президент тапсырмасы: автозауыттар ашық есік күндерін өткізеді
Sputnik Қазақстан
Біраз бұрын Тоқаев қазақстандық өндірістегі автокөліктер елге дайын күйде жеткізілетіні туралы ақпаратты тексеруді тапсырды 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T13:45+0500
2022-02-15T13:45+0500
2022-02-15T14:11+0500
тексеріс
зауыт
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/845/59/8455955_0:52:1010:620_1920x0_80_0_0_134481b14ac5cd40a33e0bb051448140.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық автоөнеркәсіпке қатысты мәлімдемесін ескеріп, тиісті шара қолдануды көздеп отыр.Тоқаев не дедіБіраз бұрын Тоқаев қазақстандық өндірістегі автокөліктер елге дайын күйде жеткізілетіні туралы ақпаратты тексеруді тапсырды."Әлеуметтік желіде қазақстандық автокөліктердің көбі елге дайын күйде жеткізілетіні туралы ақпарат көп таралып жатыр. Мұнда тек төрт дөңгелегін бекітетін көрінеді", - деген Тоқаев "бұл сөз тым асыра айтылғанын" жеткізді."Мұндай асыра сілтеудің мақсаты бәрімізге белгілі. Дегенмен қай сөз расында да шындыққа жанасатынын анықтау керек. Осыдан кейін шара қабылдау қажет", - деді президент.Министрлік реакциясыАл Өскенбаев министрлік сарапшылары қазіргі уақытта қазақстандық автозауыттарға барып, өндірісті орнықтыру туралы келісім сақталып жатыр ма, жоқ па, тексеріп жатқанын айтты. Бүгінде сарапшылар Алматы, Қостанай және Оралда болып қайтты."Біз жұмыс комиссиясын құрдық және оның құрамына мемлекеттік органдар, парламент, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері мен блогерлер кірді. Көшпелі тексерулер осы айдың соңына дейін аяқталады. Автоөндірушілер алаңында қосымша ашық есік күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бастамаға Қостанай мен Алматы қолдау білдірді", - деді министр.Министрлік бұл шара автозауыттар келісім талаптарын орындап жатқанына қазақстандықтардың көзін жеткізеді деп отыр.Сонымен қатар Қазақстанда техниканы құрастыру кезінде қазақстандық өндіріске жататын жабдықтарды қолдануды міндеттеу жоспарланған."Ол үшін жаңа өндіріс құруды және оған тәжірибелі шетелдік компанияларды тартуды қарастыру керек", - деп түйіндеді министрлік.Оқи отырыңыз: Утилизациялық алымның жаңа ставкасы ақпанның соңына дейін белгілі болады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/845/59/8455955_57:0:954:673_1920x0_80_0_0_df6a288b1e648450af9571b51685713d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тексеріс, зауыт, қасым-жомарт тоқаев
тексеріс, зауыт, қасым-жомарт тоқаев
Президент тапсырмасы: автозауыттар ашық есік күндерін өткізеді
13:45 15.02.2022 (жаңартылды: 14:11 15.02.2022) Біраз бұрын Тоқаев қазақстандық өндірістегі автокөліктер елге дайын күйде жеткізілетіні туралы ақпаратты тексеруді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық автоөнеркәсіпке қатысты мәлімдемесін ескеріп, тиісті шара қолдануды көздеп отыр.
Біраз бұрын Тоқаев қазақстандық өндірістегі автокөліктер елге дайын күйде жеткізілетіні туралы ақпаратты тексеруді тапсырды.
"Әлеуметтік желіде қазақстандық автокөліктердің көбі елге дайын күйде жеткізілетіні туралы ақпарат көп таралып жатыр. Мұнда тек төрт дөңгелегін бекітетін көрінеді", - деген Тоқаев "бұл сөз тым асыра айтылғанын" жеткізді.
"Мұндай асыра сілтеудің мақсаты бәрімізге белгілі. Дегенмен қай сөз расында да шындыққа жанасатынын анықтау керек. Осыдан кейін шара қабылдау қажет", - деді президент.
Ал Өскенбаев министрлік сарапшылары қазіргі уақытта қазақстандық автозауыттарға барып, өндірісті орнықтыру туралы келісім сақталып жатыр ма, жоқ па, тексеріп жатқанын айтты. Бүгінде сарапшылар Алматы, Қостанай және Оралда болып қайтты.
"Біз жұмыс комиссиясын құрдық және оның құрамына мемлекеттік органдар, парламент, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері мен блогерлер кірді. Көшпелі тексерулер осы айдың соңына дейін аяқталады. Автоөндірушілер алаңында қосымша ашық есік күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бастамаға Қостанай мен Алматы қолдау білдірді", - деді министр.
Министрлік бұл шара автозауыттар келісім талаптарын орындап жатқанына қазақстандықтардың көзін жеткізеді деп отыр.
Сонымен қатар Қазақстанда техниканы құрастыру кезінде қазақстандық өндіріске жататын жабдықтарды қолдануды міндеттеу жоспарланған.
"Ол үшін жаңа өндіріс құруды және оған тәжірибелі шетелдік компанияларды тартуды қарастыру керек", - деп түйіндеді министрлік.