https://sputnik.kz/20220215/aqorda--zhauapkershilik-engizu-22808909.html
Ақордада заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу мәселесі талқыланды
Ақордада заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу мәселесі талқыланды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T14:24+0500
2022-02-15T14:24+0500
2022-02-15T14:24+0500
экономика
ақорда
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15701477_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_408945ed87bf99b9babccd85d61fded7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Марат Ахметжанов президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Ақорда.Қазір парламентте заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу және сыбайлас жемқорлықты әшкерелеушілерді қорғау жүйесін қалыптастыру мәселелеріне қатысты заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл норма мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстарын бақылауға мүмкіндік береді.Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлықпен күрес тұжырымдамасын жүзеге асыруға барлық мемлекеттік орган тартылатыны туралы мәлімет берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың толық атқарылуы бойынша әр ведомствода жауапты адамдар бекітіледі.Мемлекет басшысы тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін ұсынылған тәсілдерді қолдап, агенттіктің осы бағыттағы үйлестіруші рөлін күшейтуді тапсырды. Президент бұл жұмысты ерекше бақылауға алды.Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға, қылмыс тәсілдерін әшкерелеуге және жемқорларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20220201/tokaev-auyl-sharuashylygy-22338053.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15701477_80:0:2331:1688_1920x0_80_0_0_4cb499eb1a93e2de4f4787f23b2709df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда
Ақордада заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу мәселесі талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Марат Ахметжанов президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарын таныстырды, деп хабарлайды
Ақорда. Қазір парламентте заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу және сыбайлас жемқорлықты әшкерелеушілерді қорғау жүйесін қалыптастыру мәселелеріне қатысты заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл норма мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстарын бақылауға мүмкіндік береді.
Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлықпен күрес тұжырымдамасын жүзеге асыруға барлық мемлекеттік орган тартылатыны туралы мәлімет берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың толық атқарылуы бойынша әр ведомствода жауапты адамдар бекітіледі.
Мемлекет басшысы тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін ұсынылған тәсілдерді қолдап, агенттіктің осы бағыттағы үйлестіруші рөлін күшейтуді тапсырды. Президент бұл жұмысты ерекше бақылауға алды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға, қылмыс тәсілдерін әшкерелеуге және жемқорларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.